Құжат мәтініне өту

Об утверждении Формы и Правил выдачи удостоверений охотника, рыбака и егеря

Бұйрық · № 301 · қабылданған 29.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52931/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Формы и Правил выдачи удостоверений охотника, рыбака и егеря Күшін жойған Бұйрық ·№ 301 ·29.04.2010
02.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Формы и Правил выдачи удостоверений охотника, рыбака и егеря

Күшін жойған Бұйрық ·№ 301 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Формы и Правил выдачи удостоверений охотника, рыбака и егеря
Атауы (қаз.)
Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
301
Қабылданған күні
29.04.2010
Көрсетілген редакция
02.02.2018 52931_305198.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006261_
ЭКБ идентификаторы
52931
Редакция идентификаторы
52931_305198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:15

0 Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.

2 2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгiн беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы;

2

2) «Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Аңшы куәлігі Аңшы куәлігінің мұқабасы (көлемі 105 х 80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою сары түсті, қысып басу әдісімен жасалады)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Аңшы куәлігі Аңшы куәлігінің мұқабасы (көлемі 105 х 80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою сары түсті, қысып басу әдісімен жасалады)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Аң­шы ку­ә­лі­гі
Аңшы куәлігі бланкісінің 1-парағы
(мұқабаның ішкі бетінің сол жағына желімденеді)
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы № _____ аңшы куәлігі
3 х 4 см
фо­то­су­рет­ке
ар­нал­ған
орын
М.О.
____________________________________________
(те­гі)
_____________ ______________________________
(аты, әке­сі­нің аты)
Ту­ған кү­ні «____» ______________ ______ж.
Аң­шы өті­лі _____ж.
Куәлікті берген _____________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлікті берген тұлғаның қолы және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының мөрі)
Аңшылық минимумын тапсыру туралы белгі _____________________________
(емтихан алу комиссиясы
хаттамасының нөмірі мен күні)
Куәлік 20 __ ж. «__» _______ берілді, 20__ ж. «__»____ дейін жарамды.
2-парақ
АҢШЫЛЫҚ СУЫҚ ҚЫЛЫШ ҚАРУДЫ ТІРКЕУ
Қа­ру­дың ата­уы
Нө­мі­рі
Са­ту­шы ұй­ым­ның бел­гі­сі
АҢ АУЛАЙТЫН ИТТЕРДІ, ҚЫРАН ҚҰСТАРДЫ ТІРКЕУ
Тұқы­мы (тү­рі), тү­сі, са­қи­на, мик­ро­чип нө­мі­рі
Ту­ған кү­ні
Ит­тің ве­те­ри­нар­лық тір­кеу құ­жа­ты, пас­пор­ты
Ит­ті аң аула­у­ға жі­бе­ру ту­ра­лы бел­гі, қы­ран құ­сты қол­да ұстау мер­зі­мі
3-парақ
ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ
Есеп­ке алын­ды
Есеп­тен шы­ға­рыл­ды
Тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен-жайы
4-парақ
(куәлік мұқабасының ішкі оң жағына желімделеді)
Куәлік тіркелді:
«__»  _________ 20 ___ ж. «____» ____________________ 20 ___ ж.
«__»  _________ 20 ___ ж. «____» ____________________ 20 ___ ж.
«__»  _________ 20 ___ ж. «____» ____________________ 20 ___ ж.
«__»  _________ 20 ___ ж. «____» ____________________ 20 ___ ж.
«__»  _________ 20 ___ ж. «____» ____________________ 20 ___ ж.

2 Балықшы куәлігі Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 мм, түсi көк, жазбасы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Балықшы куәлігі Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 мм, түсi көк, жазбасы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)
Ба­лық­шы ку­ә­лі­гі
Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы
(мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмденедi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)
№___балықшы куәлігі
3х4 см фо­то­су­рет­ке ар­нал­ған орын
_________________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)
Туған күнi «____» ______________ ______ж.
М.О.
Аңшының өтiлi _____ж. бастап
Куәлiк_____________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)__________________________________ берілді
Берілген күні 20__ж. «__»_______, 20__ж. «__»______ дейiн жарамды.
Балықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы
(мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмденедi)
Куәлiк
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________
20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» __________ 20 __ж. «__» ________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» ____ дейiн ұзартылды.

3 Қорықшы куәлігі Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 95х66 мм, түсi қызыл, жазбасы алтын түстi, көгілдір түсті фонда баспаханалық тәсілмен жасалады)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Қорықшы куәлігі Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 95х66 мм, түсi қызыл, жазбасы алтын түстi, көгілдір түсті фонда баспаханалық тәсілмен жасалады)
Қо­рық­шы ку­ә­лі­гі
Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 1-парағы
(мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)
№___қорықшы куәлігі
3х4 см фо­то­су­рет­ке ар­нал­ған орын
_____________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)  ______________________________________________________________
(лауазымы)
Туған күнi «____» ______________ ______ж.
М.О.
Куәлiк __________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы, мөр, куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы)
____________________________________________________________ берілді
Берілген күні 20__ж. «__»_______, 20__ж. «__»_______ дейiн жарамды.
Қорықшы куәлiгі бланкiсiнiң 2-парағы
(мұқабаның iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің Т.А.Ж, атауы)
№___қорықшы куәлігі
__________________________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты
__________________________________________________________________ аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)
«Қорықшыларға арналған айырым белгiлерi бар арнайы киiм киюге, қызметтік қаруды алып жүруге және табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны жөніндегі хаттама толтыруға құқығы бар».

4 Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
4-қосымша
Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі

1 Жалпы ережелер

1

1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленді және аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1 1) аңшы – аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

2 2) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

3 3) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерi;

4 4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын құжат;

5 5) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін құжат;

6 6) қорықшы куәлігі – жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

7 7) балық шаруашылығы субъектісі – негізгі қызметінің бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

8 8) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;

9 9) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (аңшылық минимумы) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама.

2 2. Аңшы куәлiгiн беру тәртiбi

3 3. Аңшы куәлігін тұрғылықты жері бойынша 10 жылға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының (бұдан әрі - қауымдастық) филиалдары мен өкілдіктері береді.

Аңшы куәліктерін жыл сайын тіркеуді қауымдастық жүргізеді.

4

4. Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде қауымдастық филиалдары мен өкілдіктері осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек қоса тіркелетін аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады, ол аңшы куәлiгiн қолдану мерзiмi бойы бөгде адамдардың қолы жетпейтін жабық шкафтарда сақталады.

5 5. Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтеді.

Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткеннен кейін жеке тұлғаға қолданылу мерзімі 1 жылдық сертификат беріледі, осы мерзім ішінде жеке тұлға аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырады.

6 6. Аңшы куәлігін алу үшін жеке тұлғалар қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама ұсынады.

Сауалнамаға мына құжаттар қоса тіркеледі:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтар үшін - төлқұжатының және Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі);

2 2) көлемі 3x4 сантиметр фотосуреттер (түрлі-түсті) - 3 дана;

3 3) аңшылық минимум бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).

7 7. Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8 8. Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9 9. Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10 10. Аңшы куәлiгiн беруді осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің жауапты тұлғасы құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.

11 11. Аңшы куәлiгiн оның қолданыста болу мерзiмi аяқталғанғаннан кейін ауыстыру, сондай-ақ қолданыста болу мерзiмi бітпей жоғалту себебінен немесе жарамсыз болып қалғандықтан дубликат беру есепке алу карточкасының негiзiнде жүргiзiледi.

12 12. Аңшыларды есептен шығару және есепке қою олар аумағында аңшы куәлiгi берiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен (облыстан) тыс жерлерге тұрақты тұратын жерге көшіп келген кезде жүргiзiледi.

Бұл жағдайда аңшы келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде жаңа тұрғылықты жерi бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде есепке тұрады. Бұл ретте қауымдастықтың тиiстi филиалы немесе өкілдігі аңшының ол тiркелген бұрынғы орыннан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады. Аңшының бұрынғы тiркелген орны бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде аңшының есепке алу карточкасының және есепке алу карточкасы мен жеке iстiң түпнұсқасын жаңа есепке алу орнына жіберу туралы белгiсi бар және оларды жіберудің негiзi көрсетiлген iлеспе хаттың көшiрмесi сақталады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде аңшының тұрақты тұратын жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы 30 күнтізбелік күн iшiнде болған өзгерiстер туралы өзi есепте тұрған жерге хабарлайды.

13 13. Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14 14. Аңшы куәлігінің берілуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәлігін беру журналында тіркеледі.

Аңшы куәлігін беру және жыл сайын тіркеу кезінде ол осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мөрмен (бұдан әрі - арнайы мөр) куәландырады.

15 15. Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16 16. Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17 17. Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.24 № 17-03/541 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18 18. Белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілік «Аңшы куәлiктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11735 болып тіркелген) сәйкес беріледі.

3 3. Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

19

19. Балықшы куәлігін беру бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде атқаратын міндеттеріне сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын осы балық шаруашылығы субъектісінің қызметкерлеріне балық шаруашылығы субъектісінің өкілімен жүзеге асырылады.

20 20. Балықшы куәлігін беруді жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің өкілі балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.

21 21. Егер балықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса балық шаруашылығы субъектісі балықшының өтініші бойынша балықшы куәлігіне дубликат береді.

22 22. Балықшы куәлігінің қолданылу мерзімі балық шаруашылығы субъектісімен бекітіледі.

23 23. Куәліктің әрекет ету мерзімі аяқталса немесе балықшы жұмыстан босатылған жағдайда куәлік балық шаруашылығы субъектісіне қайтарылып беріледі.

4 4. Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

24

24. Қорықшы куәлігін беру аңшылық және балық шаруашылығы субъектісімен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметiнiң қызметкерлеріне Инспекцияға жұмысқа қабылданған қызметкерлер туралы ақпарат ұсынылып жүзеге асырылады.

25 25. Қорықшы куәлігін беруші аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің өкілі аңшылық және балық шаруашылығы субъектісі басшысының бұйрығымен тағайындалады.

26 26. Қорықшы куәлігі жоғалса немесе жарамсыз болып қалса қорықшының өтініші бойынша қорықшы куәлігіне дубликат беріледі.

27 27. Қорықшы куәлігі мерзімінің ұзарту мүмкіншілігімен бір жылға жарамды.

4-1 Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне
1-қосымша
Нысан
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы
_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)
Аңшының есептік карточкасы
3 х 4 см
фо­то­су­рет­ке
ар­нал­ған орын
Те­гі ______________________________________________
Аты ________________ Әке­сі­нің аты _________________
Ту­ған кү­ні «__» ______________ ______ жы­лы
Же­ке ку­ә­лі­гі/пас­пор­ты _____________________________
ЖСН _______________________________________________
Үй­і­нің ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны ________________________
Аң­шы­ның өті­лі 20__­жы­лы ба­стап
№ _____ аңшы куәлігі «__»________20 __ жылы берілді.
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгі ______
_____________________________________________________________________
(емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмірі және күні)
Тұлғаның қолы және мөр ________________________________________
Ерекше белгілер

1 1. Аңшылық қарудың бар-жоғы туралы мәліметтер

Тү­рі
Мар­ка­сы
Ка­либ­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
За­уыт­тық нө­мі­рі
Бас­қа да

2 2. Аң аулайтын итті, қыран құсты тіркеуге алу

Тұқы­мы (тү­рі), тү­сі, са­қи­на, мик­ро­чип нө­мі­рі
Ту­ған жы­лы
Ит­тің ве­те­ри­на­ри­я­лық тір­кеу құ­жа­ты, пас­пор­ты
Ит­ті аң аула­у­ға жі­бе­ру ту­ра­лы бел­гі, қы­ран құ­сты қол­да ұстау мер­зі­мі

3 3. Жол берілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және

пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзушылықтар туралы белгілер _____________________
_______________________________________________________________
Аңшы куәлігі тіркелді:
20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
Есепке алу және есептен шығару туралы белгі
Есеп­ке алын­ды
Есеп­тен шы­ға­рыл­ды
Тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы

4-2 Сырт жағы

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесіне
2-қосымша
Нысан
Сырт жағы
Сауалнама
3 х 4 см
фо­то­су­рет­ке
ар­нал­ған
орын
мөр ор­ны
Те­гі ___________________________________________________
Аты ______________­Ә­ке­сі­нің аты _________________________
Ту­ған кү­ні ______­жы­л­ғы «___»____________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке куәлігі/паспорты _______________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Үйінің мекенжайы, телефоны __________________________________________
_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
___________________________________________________________ басшысына
бірлестіктері қауымдастығының филиалының немесе өкілдігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(аңшы куәлігін (аңшылық билетін) берген ұйымның атауы және берген
күні)
________________________________ берген № _____________ аңшы куәлігін
беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар беріледі:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі

(азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар үшін – аңшылық
шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың
және тұратын елінде берілген олардың аң аулау және жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат алу құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

2 2) ____________________________________________________________

(сауалнамада көрсетілген мекенжайы бойынша өтініш берушінің
тұратынын растайтын құжат)

3 3) Mөлшері 3 х 4 сантиметр фотосурет (түрлі түсті) – 3 дана;

4 4) Аңшылық минимумы бойынша курсты аяқтағаны туралы

сертификаттың көшірмесі.
Жеке тұлғаның тегі, қолы _____________/_______________________/
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Күні 20 ___ жылғы «___» __________
Сауалнаманы қабылдадым ________________________________________
Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы,
қолы)
Күні 20__ жылғы «___» __________

1 1. Аңшылық минимумы бойынша курсты өткені туралы белгі

Аң­шы­лық ми­ни­му­мы бой­ын­ша кур­сты 20__ жы­л­ғы «__» _____ ба­стап 20 __ жы­л­ғы «__» ______ ара­лы­ғын­да өт­ті.
Кур­сты аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы құ­жат 20 __ жы­л­ғы «__» __________ бе­ріл­ді.
Кур­сты өт­кіз­ген ұй­ым бас­шы­сы­ның қо­лы ________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Мөр ор­ны  Кү­ні  20 __ жы­л­ғы «___» ____________

2 2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі

Ем­ти­хан­ға ___________________________________________________________
(жі­бе­ріл­ді/жі­бе­рі­л­ген жоқ)
Ем­ти­хан тап­сы­ру­ға жі­бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­ме­сі ___________________
Ем­ти­хан­ға жі­бер­ген тұл­ға­ның қо­лы __________/________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы­_______________/_________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Мөр ор­ны Кү­ні 20 __ жы­л­ғы «__» _____________
Ем­ти­ханды қай­та­дан тап­сы­ру­ға ________________________________________
(жі­бе­ріл­ді/жі­бе­рі­л­ген жоқ)
Ем­ти­ханды қай­та­дан тап­сы­ру­ға жі­бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­ме­сі ________
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы _______________/________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты)
Мөр ор­ны Кү­ні 20 __ жы­л­ғы «__» _____________

3 3. Емтихан нәтижелері туралы белгі

Тест тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі ________
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рі:
дұ­рыс жа­у­ап­тар ___________________
(жа­у­ап­тар са­ны)
бұ­рыс жа­у­ап­тар ___________________
(сұ­рақ­тар са­ны)
жі­бе­рі­л­ген қа­те­лік­тер ____________
(сұ­рақ­тар са­ны)
Ем­ти­хан­ның нәти­же­сі:
Ем­ти­хан __________________________
(тап­сы­рыл­ды/тап­сы­ры­л­ған жоқ)
Ем­ти­хан қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы
__________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты, қо­лы)
Кү­ні 20 __ жы­л­ғы «___» ___________
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы/_________/
Тест тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі ________
Ем­ти­хан нәти­же­ле­рі:
дұ­рыс жа­у­ап­тар ___________________
(жа­у­ап­тар са­ны)
бұ­рыс жа­у­ап­тар ___________________
(сұ­рақ­тар са­ны)
жі­бе­рі­л­ген қа­те­лік­тер ____________
(сұ­рақ­тар са­ны)
Қай­та­ла­ма ем­ти­хан­ның нәти­же­сі:
Ем­ти­хан __________________________
(тап­сы­рыл­ды/тап­сы­ры­л­ған жоқ)
Ем­ти­хан қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы __________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты, қо­лы)
Кү­ні 20 __ жы­лы «___» ____________
Та­ны­стым, же­ке тұл­ға­ның қо­лы/_________/

4-3 Аңшы, балықшы және қорықшы

куәлiгiн беру ережесiне
3-қосымша

4-4 Аңшы куәлігін беру журналы

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiгiн беру ережесiне
4-қосымша
Нысан
Аңшы куәлігін беру журналы
_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)
р/с №
Аң­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
Аң­шы ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
Ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы
1
2
3
4
5
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы)                               (Т.А.Ж.)
М.О.             «___» ____________ 20 __ ж.

4-5 Аңшы куәлігіне арналған мөрдің ЭСКИЗІ

Аңшы, балықшы және
қорықшы куәліктерін
беру қағидаларына
4-1-қосымша
Аңшы куәлігіне арналған мөрдің ЭСКИЗІ
Ескертпе:
Мөр дөңгелек пішінді болып келеді, мөрдің диаметрі 25 миллиметр, ішкі диаметрі 15 миллиметр. Сыртқы және ішкі диаметрінің аралығында мемлекеттік тілде «Қансонар» қауымдастығы» деген жазу, ішкі шеңбердің ортасында мемлекеттік тілде «Аңшы куәлігіне арналған мөр» деген жазулар бар.

5 Аңшы, балықшы және қорықшы

куәлiгiн беру ережесiне
5-қосымша

Қолданыстағы