Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений

Қаулы · № 517 · қабылданған 07.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52942/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений Күшін жойған Қаулы ·№ 517 ·07.06.2010
28.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений

Күшін жойған Қаулы ·№ 517 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений
Атауы (қаз.)
Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
517
Қабылданған күні
07.06.2010
Көрсетілген редакция
28.07.2011 AI52942_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000517_
ЭКБ идентификаторы
52942
Редакция идентификаторы
AI52942_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қараңыз.K100296

1 1. Қоса беріліп отырған Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 517 қаулысымен
бекітілген
Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі - өткізу пункттері) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жіберуші мемлекеттік орган - кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне қызметкерді іссапарға жіберу үшін кандидатураны ұсынатын ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;

2

2) іссапарға жіберілген қызметкер - өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберілген ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және/немесе мемлекеттік инспекторы.

3 3. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің саны әр аумақтық кеден органында ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен белгіленеді.

Бұл ретте, іссапарға жіберілген қызметкерлердің саны олар демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздық салдарынан жұмысқа келмеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар кезеңінде өзара алмасу қағидаттары негізінде қамтамасыз етілуі тиіс.

2 2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерді кеден органдарына жіберу тәртібі

4

4. Жіберуші мемлекеттік орган қызметкерді бір жылдан кем емес мерзімге өткізу пунктінің атауын көрсете отырып, іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарады және оған қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықты және іссапарға жіберілген қызметкердің жеке парағының көшірмесін кеден органының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесі іссапарға жіберу туралы бұйрықты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкердің іссапарға келуі туралы тиісті бұйрық шығарады.

5

5. Іссапарға жіберілген қызметкерді ауыстырған жағдайда жіберуші мемлекеттік орган осы Ережеде белгіленген іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін міндетті түрде басқа кандидатураны ұсына отырып, осы қызметкерді іссапарға жібергенге дейін кемінде бір ай бұрын аумақтық кеден органының басшылығын жазбаша хабардар етеді.

3 3. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік жұмысы

6 6. Іссапарға жіберілген қызметкерлер өздерінің қызметтік жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережені, жіберуші мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерін, өткізу пунктінің бекітілген жұмыс кестесі мен режимін басшылыққа алады.

7 7. Жіберуші мемлекеттік орган аумақтық кеден органдарымен бірлесіп, іссапарға жіберілген қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек жағдайымен қамтамасыз етеді.

8 8. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге жұмыс уақытын пайдалану есебі бойынша кеден органы ұсынған мәліметтер негізінде жіберуші мемлекеттік органның қаражаты есебінен қызметкерлердің тиісті санаты үшін белгіленген жалақы төленеді.

9 9. Іссапарға жіберілген адамдарға ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы органдар қызметкерлерінің мәртебесі сақталады.

4 4. Жұмыс уақыты және демалыстар

10 10. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс уақыты деп кеден органдарының басшылығы бекіткен және жіберуші мемлекеттік органмен келісілген күн тәртібі шегінде олардың қызметтік міндеттерін орындау уақыты түсініледі.

11 11. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің апта сайынғы жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

12 12. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезеңін жіберуші мемлекеттік орган кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлай отырып белгілейді.

5 5. Көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану тәртібі

13 13. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және бұл ретте жұмыстағы қол жеткізген оң нәтижелері үшін кеден органдарының басшылығы жіберуші мемлекеттік органның басшылығы алдында іссапарға жіберілген қызметкерді көтермелеу туралы өтініш жасай алады.

14 14. Іссапарға жіберілген қызметкер қызметтік тәртіпті бұзған, қызметтік міндеттерін адал орындамаған жағдайда кеден органының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін жіберуші мемлекеттік органның басшысын бұл туралы хабардар етеді.

15 15. Іссапарға жіберілген қызметкер заңсыз әрекеттер жасағаны және кеден органдарына материалдық залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Қолданыстағы