Қолданыстағы ред. 14.05.2010

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы от 14.05.2010 г. № 226 (Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы)

0

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:

1

1) астық дақылдарының егісі 14 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;

2

2) майлы дақылдардың егісі 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.