Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
Тармақша 1
1) астық дақылдарының егісі 14 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
Тармақша 2
2) майлы дақылдардың егісі 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.