Об утверждении формы проверочного листа по проверкам в сфере деятельности по оценке имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы проверочного листа по проверкам в сфере деятельности по оценке имущества
- Атауы (қаз.)
- Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тексеру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 23.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2011 AI53004_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006272_
- ЭКБ идентификаторы
- 53004
- Редакция идентификаторы
- AI53004_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:18
0 Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тексеру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (Ә.Т. Аманбаев):
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 139
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2010 жылғы
29 сәуірдегі № 18
Бірлескен бұйрығымен
бекітілген
нысан
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексеруі тағайындаған орган_______________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы ______________________________________
(№, күні)
Лицензиаттың аталуы немесе А.Ж.Т._________________________________
__________________________________________________________________
СТН_______________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда)_________________________________________
__________________________________________________________________Орналасқан жерінің адресі_____________________________________
№
Талаптардың тізбесі
Иә
Жоқ
1
Мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы
2
Бағалау қызметін жүргізу шартында мына тармақтардың болуы:
тапсырыс беруші мен бағалаушының деректемелері:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы;
заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (пошталық мекен-жайы), банктік деректемелері;
бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі;
бағалау түрі;
бағалау объектісінің түрі;
бағалау жүргізудің мерзімдері;
бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;
көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;
тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері немесе тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер;
мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні).
3
Бағалау туралы есепте келесі мәліметтердің болуы:
объектінің атауы мен орналасқан жері, бағалау жүргізілген күні;
бағалау жүргізу үшін негіздеме: жасалған шарттың нөмірі мен күні;
бағалаушы мен тапсырушы туралы негізгі мәліметтер: толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, банк деректемелері;
есеп жасау күні.
Беттерінің көрсетілуімен, оның құрамына енгізілген бөлімдерді (бөлімшелерді) қамтыған бағалау туралы есептің мазмұны.
Бағалаушылар мен орындаушылардың кәсіби құзыретін растайтын біліктілік сипаттамасы көрсетілген тізімі.
Есептің сипаттама бөлімі:
бағалау объектісінің сипаттамасын, тексеру жүргізілген күнін көрсетіп, оның күй-жайын, заттай кем өлшеуді көзбен бақылаудың орындалуын немесе басқа да ресімдер жүргізу;
объектінің бағалау мақсаты, мүліктік құқықтар мен шектеулердің сипаттамасы, айқындалатын құнның түрлері;
бағалау әдістерін таңдаудың негіздемесі және бағаланатын объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу үшін қолданылатын әрбір әдістің мәнінің қысқаша сипаттамасы;
бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары және басқа нормативтік құқықтық актілер.
Есептің есеп айырысу бөлімі:
объектінің нарықтық немесе өзге құнын айқындау әдістемесінің сипаттамасы және бағалаудың таңдап алынған әдістерін қолдана отырып орындалған есеп айырысуларды;
бағалау нәтижелерінің келісуілуін және бағаланатын объектінің қорытынды құнын айқындауды қамтуы тиіс;
Есептің қорытынды бөлімі бағалау күніне объектінің күй-жайы жөніндегі құнының мөлшері туралы түбегейлі қорытындыны мазмұндау қажет.
4
Бағалаушының тәуелсіздікті сақтауы.
5
Объектілерге тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есепті беру талабын орындау.
6
Бағалау қызметін жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау қызметін жүргiзу есеп кiтабының болуы.
7
Бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтау талабын орындау.
8
Бағалау стандарттарының талаптарын орындау.
9
Бағалаушылар палаталарының біреуінде мүше болу
Лауазымды тұлғалар:
_______________________________ _______________ _______________ (Қызметі, А.Ж.Т.) (қолы) (А.Ж.Т.) _______________________________ _______________ _______________ (Қызметі, А.Ж.Т.) (қолы) (А.Ж.Т.) Лицензиат:_____________________ ________________ (Қызметі, А.Ж.Т.) (қолы)