Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов и формы проверочного листа на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов

Бұйрық · № 148 · қабылданған 28.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53005/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов и формы проверочного листа на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов Күшін жойған Бұйрық ·№ 148 ·28.04.2010
05.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов и формы проверочного листа на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 148 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов и формы проверочного листа на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан в области последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов
Атауы (қаз.)
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
148
Қабылданған күні
28.04.2010
Көрсетілген редакция
05.05.2011 AI53005_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006273_
ЭКБ идентификаторы
53005
Редакция идентификаторы
AI53005_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:16

0 Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталу мәніне тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті (А.Н. Есқараев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің
2010 жылғы 5 мамырдағы № 30
және Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 28 сәуірдегі № 148
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын орындау мақсатында нормативтік құқықтық актілерде мәтіндерін кейіннен ресми жариялау құқығын алған субъектілерге жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

2 2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

бақылау субъектісі - нормативтік құқықтық актілерде мәтіндерін кейіннен ресми жариялау құқығын алған жеке және заңды тұлғалар;
тәуекел-субъектілердің қызметі нәтижесінде зиян келтіру салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, нормативтік құқықтық актілерді ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне корректорлық және редакторлық түзетулер мен қысқартумен олардың нақты сәйкессіздігінен мемлекетке, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығы;
нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау.

3 3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

4 4. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша өлшемдер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:

1 1) бес жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 2 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

2 2) үш жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 3 балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

3 3) бір жылда бір рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен бастап 10-ға дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады.

5 5. Тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемдері болып мыналар табылады:

нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау кезiнде олардың қолданысқа енгiзiлген күнi көрсетілмеген - 2 балл;
жарияланатын нормативтiк құқықтық актiлерге баспа басылымдарының түсiнiктемелері болуы - 3 балл;
нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауда нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне корректорлық және (немесе) редакторлық түзетулермен және (немесе) қысқартулармен сәйкес келмеуі - 5 балл.

2 Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрінің
2010 жылғы 5 мамырдағы № 30
және Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 28 сәуірдегі № 148
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған әділет органы ___________________________
(облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әділет департаменті),
________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті _______________________________
(Күні_______, №________)
________________________________________________________________
Жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы _____________
(филиалдар немесе өкілдіктер)
________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
Иә
Жоқ
1
Кей­iн­нен ре­сми жа­ри­я­лау құқы­ғын ал­ған бас­па ба­сы­лым­да­ры нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­дiң ре­сми мәтiн­дерiн Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлерiнiң олар эта­лон­дық ба­қы­лау бан­кiне нақ­ты сәй­кес болған­да кор­рек­тор­лық және ре­дак­тор­лық тү­зе­ту­лер­сіз және қы­сқар­ту­с­ыз жа­ри­я­лай­ды
2
Нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­ді кей­iн­нен ре­сми жа­ри­я­лау кезiн­де жа­ри­я­ла­на­тын нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­ге бас­па ба­сы­лым­да­ры­ның түсiнiк­те­месi берiле­ді
3
Нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­дiң мәтiн­дерiн кей­iн­нен ре­сми жа­ри­я­лау кезiн­де олар­дың қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген күнi көр­се­ті­л­ген.
Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні,
қолы қызметтік телефонының №:
_______________________________________________________
_______________________________________________________

Қолданыстағы