Қолданыстағы ред. 17.05.2010 (Редакция AI53015_0.kaz)

Басқұншы ауылындағы Шекара көшесінің атауын өзгерту туралы от 17.05.2010 г. № 99 (Басқұншы ауылындағы Шекара көшесінің атауын өзгерту туралы)

0

Басқұншы ауылындағы Шекара көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және аудан әкімі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің келісімі негізінде Басқұншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Басқұншы ауылдық округінің Басқұншы ауылындағы Шекара көшесінің атауы Иманалы Кененбаев деп өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т. Күрдібаевқа жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.