Құжат мәтініне өту

О Книге Славы Республики Казахстан

Қаулы · № 538 · қабылданған 08.06.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53022/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О Книге Славы Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 538 ·08.06.2010
07.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Книге Славы Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 538 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Книге Славы Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
538
Қабылданған күні
08.06.2010
Көрсетілген редакция
07.11.2024 53022_728204.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000538_
ЭКБ идентификаторы
53022
Редакция идентификаторы
53022_728204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы (бұдан әрі - Даңқ Кітабы) тағайындалсын.

2 2. Мыналар:

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын (бұдан әрі – Даңқ Кітабы) жүргізу және сақтау тәртібін айқындайды.

2 2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) жүзеге асырады.

3 3. Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау тәртібі

4 4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуге сайып келеді. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.

5

5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған азаматтар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.

6 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ағымдағы жылы алынған ақпаратты келесі жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жібереді.

7 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі марапатталған азаматтар туралы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын жазбаны Даңқ Кітабына келесі жылғы 1 мамырға дейін енгізеді.

8 8. Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің музей қорына енгізіледі.

9 9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жеке қойылған тұғырға орналастырылады.

10 10. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жоюға жол берілмейді.

1 Қазақстан Республикасы Данқ Кітабының сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 538 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Данқ Кітабының сипаттамасы
Басылымның техникалық параметрлері

1 1. Форматы - 60x90/4 (A3)

2 2. Жолақтардың орналасуы - кітаптық

3 3. Көлемі - 125 шартты баспа парақтары

4 4. Мұқабасы - № 7 стандарт

5 5. Мәтіннің ішкі бейнелілігі - 4+0

6 Басылымның көркемдік және техникалық безендірілуі

6. Тілі - қазақ тілі
Басылымның көркемдік және техникалық безендірілуі
Кітап жіптермен тігілген A3 (420x300 мм) форматындағы 500 беттен тұрады. Мұқабаның материалы - былғары немесе DEPAR (Италия) былғары орнына қолданылуы, түсі қоңыр-қызыл.
Мұқабаның алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде ортада Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі, сол жағында мұқабаның түбіне жақын түссіз өрнекпен орындалған ою орналасқан. «Қазақстан Республикасының Даңк Кітабы» деген кітаптың атауы алтын өрнекпен мемлекеттік тілде орындалған.
Форзацында тангирге жинақталған және алтын түстес бояумен басылған Қазақстан Республикасы Туының элементі орналасқан.
Титулы Қазақстан Республикасының Туын бейнелей отырып, бес бояуда.
Кітаптың ішкі бетінің әрқайсысының жоғарғы бөлігінде Аrіаl гарнитурымен 19-кегльмен басылған «Қазақстан Республикасы» деген мәтін орналасқан. Сол жағында 60x90 мм фотосуретке арналған жиектеме орналасқан.
Кітаптың ішкі беттеріне арналған қағаз - TINTERETTO (Италия), 150 гр/2.
Әрбір марапатталушыға 1 парақ бөлінеді, ол арнайы сиямен қазақ тілінде қолмен толтырылады.
Қаптамасы DEPAR (Италия) былғары орнына қолданылушыдан жасалған. Мұқабаның алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде ортада Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі, сол жағында түссіз өрнекпен салынған ою орналасқан, «Қазақстан Республикасының Данқ Кітабы» деген мәтін алтын түстес хромдалған металл нақыштамамен орындалған.

Қолданыстағы