Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки планов государственной стандартизации

Бұйрық · № 41 · қабылданған 23.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53030/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки планов государственной стандартизации Күшін жойған Бұйрық ·№ 41 ·23.04.2010
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки планов государственной стандартизации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 41 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки планов государственной стандартизации
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
23.04.2010
Көрсетілген редакция
11.04.2019 53030_396205.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006277_
ЭКБ идентификаторы
53030
Редакция идентификаторы
53030_396205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:19

0 Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы бекітілсін.

2

2. «Мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 106 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3639 тіркелген, 2005 жылы 5 қарашада «Ресми газетінде» № 46 (254) жарияланған) күші жойылсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы

1 1. Осы Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік стандарттау жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағида мемлекеттік органдарға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

1 1. Жалпы ережелер

3 3. Жоспар 3 жылға әзірленіп, бекітіледі, жыл сайын енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар ескеріліп қайта қаралады.

4 4. Жоспарда:

1 1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96) бойынша коды;

2 2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат жобасының атауы;

3 3) әзірлеу негіздемесі;

4 4) негізгі нормативтік база;

5 5) жұмысты орындау мерзімдері;

6 6) қаржыландыру көзі;

7 7) ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші - ұйым.

5

5. Жоспар Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында, оның ішінде техникалық регламенттерге дәлел қор құру, халықаралық стандарттарға көшу арқылы жалпы ұлттық сипаттағы міндеттерді, жұмыстар, қызметтер көрсету, процестер, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарда бар талаптардың қайталануын болдырмау мақсатында әзірленеді.

6

6. Жоспарды техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), техникалық реттеу субьектілерінің, стандарттау жоніндегі техникалық комитеттердің ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттiктерiн есепке алып, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға алдын ала талдау жүргiзу негiзiнде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделi субъектiлердi (өнiм өндiрушiлер, тұтынушылар) тарта отырып, ұлттық стандарттарды және мемлекетаралық стандарттарды әзiрлеу қажеттiліктерiн есепке ала отырып әзірлейді.

7 7. Жоспарларды әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары ескерiледi.

2 2. Жоспарды әзірлеу және бекіту

8 8. Жоспарда ұлттық стандарттардың мынадай түрлерi мен стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар қамтылады:

1 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негізге алынатын стандарттар;

2 2) өнімдер, қызметтер көрсетудің біртекті топтарына және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызметтер көрсетуге арналған стандарттар;

3 3) процестерге арналған стандарттар;

4 4) өнімді, қызметтер көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар;

5 5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ұлттық ақпараттың жiктеуiштерi;

6 6) өңірлік стандарттар.

9

9. Алдымыздағы жылдың 1 қарашасына дейін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және техникалық реттеу субъектілерінің жіберетін ұсыныс-өтінімдерін, уәкілетті орган Жоспарды қалыптастырудың басталғаны туралы ақпаратты www.memst.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі Интернет-ресурс) орналастырады.

10 10. Техникалық реттеу субъектілері жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына ұсыныс-өтінімдерді (бұдан әрі – ұсыныс-өтінімдер) жібереді.

Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стандарт әзірлеуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме ұсыныс-өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

11 11. Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге арналған ұсыныс-өтінімдер Мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстар бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қосу үшін Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі бюроға жіберіледі.

12 12. Ұсыныс-өтінімдер Бағдарламаға қосылғаннан кейін, аталған тақырыптар Жоспарға енгізіледі.

13 13. Уәкілетті орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Жоспар жобасын осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.

14

14. Жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін қалыптастырылған Жоспар жобасын уәкілетті орган Интернет-ресурста техникалық реттеудің барлық мүдделі субъектілері қарастыруы үшін орналастырады. Жоспар жобасын орналастыру туралы уәкілетті орган жазбаша түрде мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Интернет-ресурсқа орналастырған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде хабарлайды

15 15. Уәкілетті орган Жоспар жобасын Интернет-ресурста орналастырғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарастыруды жүзеге асырады.

16

16. Ескертулер мен ұсыныстарды қарастырғаннан кейін уәкілетті орган Жоспар жобасының соңғы редакциясын қалыптастырады және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде уәкілетті орган жанындағы Техникалық реттеу және метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ҒТК) қарауына ұсынады.
Жоспар жобасына келіп түскен ұсыныс - өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада әзірлеуге келіп түскен ұсыныс - өтінімдердің жалпы санын, себептерін көрсете отырып, қабылданбаған өтінім-ұсыныстардың саны туралы ақпарат, жоспарланған жұмыстарға, белгіленетін басым бағыттарға, нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлеріне, жұмыс түрлеріне, әзірлеушінің жұмысты орындау мерзімдеріне, әзірлеменің өтпелі тақырыбына, қаржыландыру көздеріне талдамалық шолу қамтылады.

17 17. Уәкілетті орган ҒТК қабылдаған шешімі туралы, ұсыныс-өтінімдерді берген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

18 18. Жоспар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 маусымына дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік 30 күн мерзімінде Интернет-ресурста және Қазақстан Республикасы стандарттарының кезекті ақпараттық сілтемесінде жарияланады.

19 19. Уәкілетті орган Жоспардың қолданылу кезеңінде техникалық реттеуге мүдделі субъектілердің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жазбаша ұсыныстары негізінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

20 20. Техникалық реттеуге мүдделі субъектілердің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің ұсыныстарын уәкілетті орган Жоспарға ҒТК-ның шешімі негізінде енгізеді.

21 21. Уәкілетті орган ҒТК-ның қабылдаған шешімдері туралы ұсыныстарды берген техникалық реттеу субъектілеріне, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге ҒТК-ның шешім қабылдаған сәтінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

22 22. Жоспарға енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар жылына кемінде 3 рет енгізіледі.

44 Мемлекеттік стандарттау жоспарларына берілетін ұсыныс-өтінім ___________________________________________________________________ өтінім берушінің толық атауы мен мекенжайы

Мемлекеттік стандарттау
жоспарларын әзірлеу
қағидасына 1-қосымша
нысан
Мемлекеттік стандарттау жоспарларына берілетін ұсыныс-өтінім ___________________________________________________________________ өтінім берушінің толық атауы мен мекенжайы
р/с №
МСЖ ко­ды (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96)
Әзір­ле­не­тін стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат ата­уы
Әзір­ле­ме­нің негіз­де­ме­сі
Негіз­гі нор­ма­тив­тік ба­за
Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
Ұсы­ныс-өті­нім­ді бер­ген өті­ніш бе­ру­ші ұй­ым
әзір­ле­уді ба­стау
жо­ба­ның соң­ғы ре­дак­ци­я­сын уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­кі­ту­ге ұсы­ну
1
2
3
4
5
6
7
8
9
201_ жы­л­ға ар­нал­ған ұсы­ныс-өті­нім­дер
201_ жы­л­ға ар­нал­ған ұсы­ныс-өті­нім­дер
201_ жы­л­ға ар­нал­ған ұсы­ныс-өті­нім­дер
________________________________________ ________________________________
(басшының, басшы орынбасарының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
_________________________ _______________________________
(орындаушының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________ 20__ ж. «___» _____________
(орындаушының телефоны)

45 Стандартты әзірлеуге арналған техникалық–экономикалық негiздеме _______________________________________________________ жұмыстар түрінің атауы және стандарттың атауы

Мемлекеттік стандарттау
жоспарларын әзірлеу
қағидасына 2-қосымша
нысан
Стандартты әзірлеуге арналған техникалық–экономикалық негiздеме _______________________________________________________ жұмыстар түрінің атауы және стандарттың атауы
Техникалық-экономикалық негiздеме мыналардан тұруға тиіс:
стандарт жобасын және әзiрленетiн стандарттау обьектісіне қойылатын талаптарды белгiлеу қажеттiлігi, өзектiлiгi, мақсатқа сәйкестігі туралы мәлiметтер, олардың нақты негiздемесі (бұл ретте әзiрленетiн стандарт өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының дайындаушысы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәлiметтер келтіру қажет);
дайындаушы мен тұтынушының әзiрленетiн стандарттау обьектісіне мүдделiлігі туралы мәлiметтер және/немесе хат;
стандарттау объектісінің жай-күйі туралы мәлiметтер және оның сипаттамасы;
стандарттау объектісінің халықаралық, өңiрлiк және басқа да мемлекеттердiң ұлттық стандарттары талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектісіне қатысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
өткiзiлген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгiлейтiн стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау, олардың күшін жою қажеттiлігi туралы мәлiметтер;
аналогиялық құжаттардың қолданылу кезінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандартты әзiрлеудің мақсатқа сәйкестігі туралы негіздеме (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзірлеу);
осы стандарттау объектісіне қатысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
стандарттау объектісінің стандарттаудың басқа да объектілерімен өзара байланысы және олармен әзiрленiп отырған стандарт өзара байланысты болуға тиіс қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау туралы мәлiметтер.
_______________________ ___________ _________________________
(басшының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
_________________________ __________ _________________________
(орындаушының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________ 20__ ж. «___» __________
(орындаушының телефоны)

46 Мемлекеттік стандарттау жоспарлары

Мемлекеттік стандарттау
жоспарларын әзірлеу
қағидасына 3-қосымша
нысан
Мемлекеттік стандарттау жоспарлары
е/с №
МСЖ ко­ды (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96)
Стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат жо­ба­сы­ның ата­уы
Әзір­ле­ме­нің негіз­де­ме­сі
Негіз­гі нор­ма­тив­тік ба­за
Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
Ұсы­ныс-өті­нім­ді бер­ген өті­ніш бе­ру­ші ұй­ым
әзір­ле­уді ба­стау
жо­ба­ның түп­кі­лік­ті ре­дак­ци­я­сын уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­кі­ту­ге ұсы­ну
1
2
3
4
5
6
7
8
20 __ жы­л­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік стан­дарт­тау жос­па­ры
1-бө­лім Тех­ни­ка­лық рет­теу және мет­ро­ло­гия са­ла­сын­да­ғы негіз­ге алы­на­тын ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзір­леу
2-бө­лім Эко­но­ми­ка сек­тор­ла­рын­да ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзiр­леу
3-бө­лім Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жiк­те­уi­ш­терi
4-бө­лім Стан­дарт­тау жөнiн­де­гi мем­ле­ке­та­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар шең­берiн­де стан­дарт­тар әзiр­леу
20 __ жы­л­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік стан­дарт­тау жос­па­ры
1-бө­лім Тех­ни­ка­лық рет­теу және мет­ро­ло­гия са­ла­сын­да­ғы негіз­ге алы­на­тын ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзір­леу
2-бө­лім Эко­но­ми­ка сек­тор­ла­рын­да ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзiр­леу
3-бө­лім Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жiк­те­уi­ш­терi
4-бө­лім Стан­дарт­тау жөнiн­де­гi мем­ле­ке­та­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар шең­берiн­де стан­дарт­тар әзiр­леу
20 __ жы­л­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік стан­дарт­тау жос­па­ры
1-бө­лім Тех­ни­ка­лық рет­теу және мет­ро­ло­гия са­ла­сын­да­ғы негіз­ге алы­на­тын ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзір­леу
2-бө­лім Эко­но­ми­ка сек­тор­ла­рын­да ұлт­тық стан­дарт­тар­ды әзiр­леу
3-бө­лім Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жiк­те­уi­ш­терi
4-бө­лім Стан­дарт­тау жөнiн­де­гi мем­ле­ке­та­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар шең­берiн­де стан­дарт­тар әзiр­леу
Ескертпе:

1 1. 1-бағанда әзiрленетiн құжаттың реттiк нөмiрi көрсетiледi.

2 2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) бойынша коды көрсетiледi.

3 3. 3-бағанда әзiрленетiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжат жобасының атауынан кейiн жұмыстардың мынадай түрлерi көрсетiледi:

- «Алғашқы рет» (жаңа стандарттау жөніндегі құжаттар үшін);
- «ҚР СТ/МЕМСТ орнына» (ҚР СТ немесе МЕМСТ қайта қараған жағдайда);
- «ҚР СТ өзгерту».

4 4. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары, өзектілігі және нормативтік құқықтық актілер (мемлекеттік бағдарламалар, техникалық регламенттер және т.б.) көрсетiледi.

5 5. 5-бағанда жобаны әзірлеуде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстары, патенттік зерттеулер атаулары мен белгілері көрсетіледі.

Қолданыстағы