Құжат мәтініне өту

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности смазок и специальных жидкостей для автомобильных транспортных средств"

Қаулы · № 563 · қабылданған 12.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53046/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности смазок и специальных жидкостей для автомобильных транспортных средств" Күшін жойған Қаулы ·№ 563 ·12.06.2010
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности смазок и специальных жидкостей для автомобильных транспортных средств"

Күшін жойған Қаулы ·№ 563 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности смазок и специальных жидкостей для автомобильных транспортных средств"
Атауы (қаз.)
"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
563
Қабылданған күні
12.06.2010
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI53046_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000563_
ЭКБ идентификаторы
53046
Редакция идентификаторы
AI53046_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:00

0 "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 12 мау­сым­да­ғы
№ 563 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1 1. Қолданылу саласы

1 1. Осы "Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға қолданылады.

Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі — ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

2 2. Техникалық регламент теңіз, темір жол және әуе көлігі құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілемейді.

3 3. Көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардан тіршілік циклінің процестерінде аулақ болатын, негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:

1 1) жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамына механикалық қоспалардың және абразивті материалдар бөлшектерінің түсуі;

2 2) қоршаған ортаның және жабдықтар беттерінің жоғары немесе төмен температурасы;

3 3) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды ұқыпсыз қолдану, тасымалдау кезінде дұрыс орнатпау, қаптамасына тым ауыр салмақ түсіру;

4 4) өрттің туындауына себеп болатын, артық жылу мөлшері бөлінуі кезінде қауіпті пайдалану процестері;

5 5) адамның көзіне, асқазан-ішек жолдарына, шырышты қабықшасына және терісіне түсуі;

6 6) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды пайдалану қасиеттерін нашарлататын телімдердің болуы.

4 4. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері мыналар болып табылады:

автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың заттаңбасындағы ақпарат;
стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың әрбір түріне қатысты сыртқы көрінісі (түсі, консистенциясы);
автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар және арнайы сұйықтықтардың сипаттамаларына қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген;
автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамындағы телімдердің болуы және мөлшері туралы ақпарат.

2 2. Терминдер және анықтамалар

5 5. Қазақстан Республикасының "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарымен белгіленген Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

автомобиль көлік құралы - автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнайы автомобильдерді (әр түрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
мотор майы - майдың қасиетін жақсартатын, құрамында бірқатар телімдерді қамтитын май негізіндегі қоспа;
жағармай - бірінің бетіне бірі сырғитын екі беттің арасындағы үйкеліс пен тозуды азайтуға арналған құрал (мотор, трансмиссиялық майлар мен гидромеханикалық беріліске арналған майлар);
арнайы сұйықтықтар - автомобиль көлік құралдарының гидравликалық жүйелерінде, қозғалтқыштарды суыту және тазарту жүйелерінде, аккумуляторларында қолданылатын сұйықтықтар жиынтығы.

3 3. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеу жағдайлары

6 6. Техникалық регламентке сәйкестігі расталмаған автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды сәйкестік белгісімен таңбалануына және нарықта айналымға түсуіне жол берілмеуі тиіс.

7 7. Тұтынушының сұрауы бойынша оған автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар туралы және олардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті ерекшеліктерінен қорғану шаралары туралы қосымша ақпарат берілуі тиіс.

8 8. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың ескертуші және сәйкестендіруші таңбасы мәтін, символ түрінде түсіріледі.

9

9. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды жеткізу кезінде, дайындаушы елдің атауын және дайындаушының атын, пайдаланудың рұқсат етілген мерзімін, қолданылу әдісін, қауіп тәуекелдерін азайту үшін алдын-алу шараларын, сақтау шарттарын қамтитын, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен сүйемелдеу және мынадай параметрлері бойынша жіктеу көзделеді:
негіздің химиялық құрамы бойынша (минералдық, жартылай синтетикалық, синтетикалық май);
тұтқырлығы бойынша;
телімдер және сапа жиынтығы бойынша;
автомобильдерді өндірушілердің рұқсаты бойынша.

4 4. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

10 10. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар өз сипаттары бойынша осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

11 11. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың пайдаланушылық көрсеткіштерін жақсарту үшін өндірушіге автомобиль көлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарына теріс әсерін тигізбейтін телімдерді қосуға жол беріледі.

12 12. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамында металдардың (мыс, қорғасын, темір, алюминий) болуына жол берілмейді.

13 13. Телімдерсіз жағармайлардағы механикалық қоспалардың болуына жол берілмейді. Телімдері бар майлардағы механикалық қоспалардың үлесі 0,2 %-дан артық болмауы тиіс.

14 14. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сыртқы түрі көзбен шолу арқылы анықталады. Жағармайлар біртекті және кесексіз болуы тиіс.

15 15. Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайларды кез келген отынның түрімен араластыруға жол берілмейді.

5 5. Автомобиль көлік құралдарына жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізуге және оларды сақтауға арналған аумақтарға, өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

16

16. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізуге және оларды сақтауға арналған белгіленген аумақтар мен өндірістік үй-жайлар (ғимараттар, құрылыстар және т.б.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сендіру және автоматты өрт дабылымен өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелері мен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы жүйелерімен жабдықталады.

17 17. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда қабырғалар оларды ластанудан тазарту жүргізуге мүмкіндік беретін кемінде еденнен 2 м биіктікте жанбайтын материалдармен жабылады. Есіктер екі жағынан жанбайтын және жеңіл жуылатын материалмен қапталады.

18 18. Үй-жайлардың едендері жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды өткізбейтін материалдан жасалады. Еденде төгілген жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды, олар одан әрі кәдеге асырылуы тиіс арнайы ыдыстарға бұру үшін ағынды арналар көзделеді.

19 19. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды қолданатын өндірістік үй-жайлар басқа өндірістік үй-жайлардың жалпы алмастырылатын желдеткіштерінен дербес болуы тиіс жергілікті механикалық ағынды-сорғыш желдеткіштермен жабдықталғаны жөн.

20 20. Желдеткіш жабдық жарылысқа қауіпсіз орындалуы тиіс.

21 21. Жалпы алмастырылатын ағынды-сорғыш желдеткіштерден басқа, үй-жайларды қолшатырлар мен борттық сорғыш құралғыларын орнату жолымен әр түрлі машиналардан және басқа да көздерден ауаға зиянды қоспалардың бөлінуін, ванналардан шыққан буларды және аэрозольдарды жергілікті сорғышпен жабдықтау қажет.

22 22. Желдеткіштер жүйесі үй-жай ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары болмауын сенімді қамтамасыз етуі тиіс.

23 23. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды қалыптарға бөлшектеп құюға және қалыпқа қайта толтырып құюға арналған үй-жайларды жалпы алмастырылатын ағысты-сорғыш желдеткіштерден басқа, үй-жайлардың сыртынан қосылатын қосымша авариялық желдеткішпен жабдықтау ұсынылады.

24 24. Жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарының жасанды жарықтандырылуы қауіпсіз еңбек шарттарына сәйкес болуы тиіс.

25 25. Жұмыс орындарында жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қорын технологиялық процесті өткізу үшін, ауысым ішіндегі арнайы белгіленген орындарда, бөгде тұлғалардың қатысуынсыз қажетті мөлшерде ғана сақтауға рұқсат етіледі.

26 26. Жанғыш және жарылысқа қауіпті жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды қолданатын үй-жайларда ыдыстарды сақтауға тыйым салынады.

6 6. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды буып-түю, таңбалау, тасымалдау, қабылдау, сақтау және пайдаға асыру кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

27 27. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды буып-түю, таңбалау, затбелгі жапсыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі.

28 28. Инерциялық жүктемелер 3g үдеуімен әсер еткен кезде жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен қалыптасқан пакеттер бүтіндігін сақтауы тиіс.

29 29. Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтары бар көлік ыдысының әр бірлігінде мынадай жазулар енгізіледі:

1 1) жағармай мен арнайы сұйықтықтың атауы, таңбасы (пластикалық жағармайлар үшін олардың қысқартылған атауларын көрсетуге рұқсат етіледі);

2 2) өндіруші кәсіпорынның тауарлық белгісі;

3 3) брутто салмағы және нетто салмағы;

4 4) күні - жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды дайындау айы мен жылы;

5 5) партияның нөмірі;

6 6) өндірілген өнімге сәйкес нормативтік құжаттың атауы.

Егер жағармайлар және арнайы сұйықтықтары бар көлік ыдысында белгіленген жазуды көрсету мүмкін болмаса, онда ыдысқа арнайы жазба белгісін қыстырады немесе көрсетілген жазумен затбелгіні желімдейді, ал ыдыстың өзіне сумен және мұнай өнімдерімен шайылып кетпейтін мөртаңбамен немесе траферетпен жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың атауы және оның дайындалу күні көрсетілген жазу жазылады.

30 30. Енгізілетін көлік таңбасы манипуляциялық белгілерді, негізгі, қосымша және ақпараттық жазуларды қамтуы тиіс.

31

31. Шыныдан, фарфордан және полимер материалдарынан жасалған нәзік, тез сынатын ыдысқа буылып-түйілген жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды бос орындарын жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға инертті төсеу материалдарымен толтырып, арнайы көлік ыдысына (ағаш жәшіктерге, себеттерге, орауыштарға және т.б.) тасу керек.

32 32. Әрбір ыдыс орнында жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың атауы жазылған жазба белгісі және ыдысты таңбалау мен жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды сақтау шарттарына сәйкес, тиісті ескерту жазбасы болуы тиіс.

33 33. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды азық-түлікпен, заттық мүлікпен немесе адамдармен бірге тасуға тыйым салынады.

34 34. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталуы тиіс. Өңделген жағармайларды сақтауға арналған үй-жайлардың өрт қауіпсіздігі - өрттің алдын алу және өртке қарсы қорғану жүйелерімен, оның ішінде ұйымдық-техникалық іс-шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс.

35

35. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды түзу, таңбаланған және пломба салынған ыдыста, резервуар да ғана сақтауға рұқсат етіледі. Ыдыстың саңылаусыз емес екендігі анықталған жағдайда, ақауды жою немесе сұйықтықты басқа ыдысқа қайта толтырып құю жөнінде шаралар қолданылады. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды пломба салынбаған ыдыспен жіберуге тыйым салынады.

36 36. Ыдысты сақтауға арналған үй-жайларда жағармайлармен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

37 37. Таңбаның коррозияға ұшырауын және шайылуын болдырмас үшін бөшкелер мен барабандардың үстіңгі бетіне су түсу мүмкіндігін жою керек.

38 38. Жағармайлары және арнайы сұйықтықтары бар бөшкелер мен барабандар металл ыдыстың коррозияға ұшырауына әкелетін дымқыл беттерден алшақ орналасқан, стеллаждар мен сөрелерге қойылады. Коррозиялық клинкері бар үстіңгі бетіне бөшкелерді қоюға тыйым салынады.

39 39. Коррозияны анықтау, жіктер мен тығыздалған жерлерде ағуды және таңбаның жай-күйін тексеру мақсатында бөшкелер мен барабандарды жүйелі түрде тексеріп отыру қажет.

40 40. Бу құбырларынан және пештерден шамадан тыс жергілікті қыздыруды болдырмау керек, өйткені ол термодеструкция немесе құрамында еріткіші бар өнімдердің булануын тудыруы мүмкін.

41 41. Жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарларды үй-жайларға орнату ұсынылады, алайда оларды жаңбырдан, қардан және төтенше температуралардан қорғау шарттарында, ашық алаңдарға да орнатылуға болады.

42 42. Ашық немесе боялған майлардың сапасы мен түсін сақтау үшін, оларды тот баспайтын болаттан жасалған немесе ішіндегі жабыны эпоксид шайырынан жасалған резервуарларда сақтау 0ажет.

43 43. Резервуарларды дренаждық шығыршығы бағыты бойынша 1/10 көлбеу орнатады, бұл ластанған майдың шашырау ықтималдығын азайтады. Жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың кейбір сұрыптары, оларға көп көлемде су тамған жағдайда жартылай немесе толығымен эмульсияға айналуы мүмкін.

44 44. Қолданыстан шыққан жағармайлар және арнайы сұйықтықтар мақсатына байланысты бөлек жиналуы тиіс. Қолданыстан шыққан жағармайларды және арнайы сұйықтықтарды араластыруға жол берілмейді.

8 8. Өнімнің сәйкестігін растау

45

45. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің талаптарына, автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сәйкестігін растау - міндетті түрде сәйкестікті растау нысанында жүзеге асырылады.
Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

46

46. Сәйкестікті міндетті түрде растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сертификаттау схемалары осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

9 9. Өтпелі кезең

47 47. Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар тізбесі

"Ав­то­мо­биль кө­лік құ­рал­да­ры­на
ар­нал­ған жа­ғар­май­лар мен ар­найы
сұй­ық­тық­тар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын
та­лап­тар" тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
1-қо­сым­ша
Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар тізбесі
ҚР СЭҚ ТН Ко­ды
Жа­ғар­май­лар мен ар­найы сұй­ық­тық­тар ата­уы
2710198100
Мо­тор май­ла­ры, ком­прес­сор­лық жа­ғар­май­лар, тур­би­на­лық май, жа­ғар­май
2710198700
Ше­сте­рен­дар­ға ар­нал­ған май­лар және ре­дук­тор­лар­ға ар­нал­ған май­лар
3819000000
Те­же­уіш сұй­ық­тығы
2707400000
Наф­та­лин майы
2707910000
Кре­о­зо­то­вты май­лар
2707991100
200оС дей­ін­гі тем­пе­ра­ту­ра ке­зін­де 90% неме­се одан ар­тығы ай­да­ла­тын та­зар­тыл­ма­ған же­ңіл май­лар
2707993000
Кү­кірт­тел­ген же­ңіл май
- жа­ғар­майы
- өзге де май­лар
2710197100
Қай­та өң­де­удің өзін­дік про­це­сте­рі үшін
2710197500
Про­це­стер­де­гі хи­ми­я­лық ай­на­лым­дар үшін
2710198300
Гид­рав­ли­ка­лық мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған сұй­ық­тық­тар
2710198500
Ашық май­лар, ва­зе­лин майы
2710198700
Те­гер­шік­ке ар­нал­ған май­лар және ре­дук­тор­лар­ға ар­нал­ған май
2710199100
Ме­тал­дар­ды өң­де­у­ге ар­нал­ған құ­рам­дар, қа­лып­тар­ды май­ла­у­ға ар­нал­ған май­лар, кор­ро­зи­я­ға қар­сы май­лар
2710199300
Элек­тр­лік оқ­ша­у­лау май­ла­ры
2710199900
Өзге жа­ғар­май­лар және өзге де май­лар
271210
Мұ­най ва­зе­ли­ні
2712101000
ши­кі
2712109000
өзге
271220
Құ­ра­мын­да сал­ма­ғы 0,75 % кем емес май­ла­ры бар па­ра­фин
3820 00 000 0
Ан­ти­фр­из­дер мен сұй­ық­тық­тар, дай­ын қат­пай­тын
8512 40 000
шы­ны та­зарт­қы­штар, қат­пай­тын және тер­ле­мей­тін

2 Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сипаттамаларына қойылатын талаптар

"Ав­то­мо­биль кө­лік құ­рал­да­ры­на
ар­нал­ған жа­ғар­май­лар­дың және ар­найы
сұй­ық­тар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын
та­лап­тар" тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
2-қо­сым­ша
Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың сипаттамаларына қойылатын талаптар
Мотор майлары
Бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры­на ар­нал­ған мо­тор май­ла­ры­ның си­патта­ма­ла­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры­на ар­нал­ған мо­тор май­ла­ры­ның мар­ка­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­ла­ры
М-8-В1
М-8-Г1
М-12-Г1
М-63/10-Г1
М-63/12-Г1
+100оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
8
8
12
10
12
Тұт­қыр­лық ин­дек­сі, ке­мін­де
90
100
95
125
115
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы, ар­тық емес
оС
-25
-30
-20
-32
-30
Сі­л­ті­лік сан мг, ке­мін­де
КОН/1 г
4,0
8,5
8,5
10,5
7,5
Суль­фат­тық күл­ді­лі­гі, ар­тық емес
%
0,95
1,3
1,3
1,65
1,2
Бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры­на ар­нал­ған мо­тор май­ла­ры­ның си­патта­ма­ла­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Бен­зин қоз­ғалт­қы­шта­ры­на ар­нал­ған мо­тор май­ла­ры­ның мар­ка­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­ла­ры
М-10-В2
М-8-Г2к
М-10-Г2к
М-8-DM
М-10-DM
+100оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
10,5-11,5
7,5-8,5
10,5-11,5
8-8,5
11,4 ар­тық емес
Тұт­қыр­лық ин­дек­сі, ке­мін­де
85
90
95
102
90
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы, ар­тық емес
оС
-15
-30
-18
-30
-15
Сі­л­ті­лік сан мг, ке­мін­де
КОН/1 г
3,5
6,0
6,0
8,5
8,2
Суль­фат­тық күл­ді­лі­гі, ар­тық емес
%
1,3
1,15
1,15
1,5
1,5
Мо­тор май­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
Өл­шем бір­лі­гі
Әм­бе­бап мо­тор май­ла­ры­ның мар­ка­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­лар
М-8-В
М-63/10-В
+100оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
7,5-8,5
9,5-10,5
Тұт­қыр­лық ин­дек­сі, ке­мін­де
93
120
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы, ар­тық емес
оС
-25
-30
Сі­л­ті­лік сан мг, ке­мін­де
КОН/1 г
4,2
5,0
Суль­фат­тық күл­ді­лі­гі, ар­тық емес
%
1,3
1,3
Трансмиссиялық майлар
Транс­мис­си­я­лық май­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
Транс­мис­си­я­лық май­лар­дың мар­ка­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­лар
Өл­шем бір­лі­гі
ТМ-2-18
ТМ-3-9
ТМ-3-18
ТМ-3-18
ТМ-4-18
ТМ-5-18
+100оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
15
10 кем емес
15
15
14 кем емес
17,5 кем емес
Тұт­қыр­лық ин­дек­сі, ке­мін­де
-
90
90
-
85
100
Мас­са­лық үле­сі, ар­тық емес
%
Ме­ха­ни­ка­лық қо­с­па­лар
0,03
0,02
0,01
0,03
0,01
Жоқ
Су
Із қал­ды­ру
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы
-18
-40
-25
-20
-25
-25
Гидромеханикалық өткізу майлары
Гид­ро­ме­ха­ни­ка­лық өт­кі­зу май­ла­ры­ның си­патта­ма­сы
Гид­ро­ме­ха­ни­ка­лық өт­кі­зу май­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­лар
Өл­шем бір­лі­гі
А
-
МГТ
-
Р
(М22В)
+50оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
20-30
-
12-14
+100оС
-
6-7
-
-20оС
2100
-
1300
Тұт­қыр­лық ин­дек­сі, ке­мін­де
-
175
-
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы ар­тық емес
оС
-40
-55
-45
Ме­ха­ни­ка­лық қо­с­па­лар­дың мас­са­лық үле­сі, ар­тық емес:
%
0,01
0,01
0,01
Су
із қал­ды­руы
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Күл­ді­лі­гі, ар­тық емес
%
0,6
0,6
0,6
Тежеуіш сұйықтықтары (алыс шетел мемлекеттерінің өндірісі)
Те­жет­кіш сұй­ық­тық­та­ры­ның си­патта­ма­ла­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Те­же­уіш сұй­ық­тық­тар­дың мар­ка­ла­ры­на қа­ты­сты нор­ма­лар
SAE J 1703
ДОТ-3
ДОТ-4
ДОТ-5, ДОТ-5.1
"Құр­ғақ" сұй­ық­тық­тың қай­нау тем­пе­ра­ту­ра­сы, ке­мін­де
оС
205
230
260
205
"Ылғал­дан­ған" сұй­ық­тық­тың қай­нау тем­пе­ра­ту­ра­сы, ке­мін­де
оС
140
155
180
140
+100оС-та­ғы ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
1,5
Тежеуіш сұйықтықтар (ресейлік өндіріс)
Те­же­гіш сұй­ық­тық­тар­дың си­патта­ма­ла­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Те­же­уіш сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған май­лар­ға қа­ты­сты нор­ма­лар
БСК
"Нева"
"Томь"
"Ро­са"
ГТЖ-22М
Ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы
мм2/с
-40оС ке­зін­де, ар­тық емес
Ре­гла­мент­те­ле­мей­ді
1500
1500
1700
1600
50оС ке­зін­де, ар­тық емес
9
5
5
5
-
100оСке­зін­де, ар­тық емес
5,5
2
2
2
1,9
Қай­нау тем­пе­ра­ту­ра­сы, ке­мін­де
оС
"Құр­ғақ" сұй­ық­тық
115
190
205
260
190
"ылғал­дан­ған" сұй­ық­тық
Ре­гла­мент­тел­мей­ді
140
160
160
Ре­гла­мент­тел­мей­ді
Ре­зең­ке кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы
%
5-10
2-8
2-8
2-8
-
Амортизациялық сұйықтықтар
Амор­ти­за­ци­я­лық сұй­ық­тық­тар­дың си­патта­ма­сы
Өл­шем бір­лі­гі
Амор­ти­за­ци­я­лық сұй­ық­тық­тар­дың мар­ка­сы­на қа­ты­сты нор­ма­ла­ры
МГП-10
АЖ-12т
МГП-12
20оС ке­зін­де­гі тығ­ы­здық
кг/м3
930
-
920
Ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лы­ғы ке­ле­сі тем­пе­ра­ту­ра­да, оС
мм2/с
-40
-
6500
-
-20
1000
-
800
50
10
12
12
100
3,6
3,6
3,9
Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы, ар­тық емес
оС
-40
-52
-43
Төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтықтар (антифриздер)
Сал­қын­дат­қыш сұй­ық­тық­тар­дың си­патта­ма­сы
Өл­шем бір­лі­гі
"То­сол"
"Ле­на"
ОЖ-25
А
А-40
А-65
А
А-40
А-65
ПГ
Тү­сі
Кө­гіл­дір *
Жа­сыл, опа­лес­цен­ци­я­ға жол бе­рі­ле­ді
Жа­сыл-са­ры
Кри­стал­да­на ба­с­та­ған кез­де­гі тем­пе­ра­ту­ра­сы, ар­тық емес
оС
-
-40
-65
-
-40
-65
-25
1
2
3
4
5
6
7
8
9
20оС ке­зін­де­гі тығ­ы­зды­ғы
кг/м3
1140
1065-1085
1085-1100
1120-1150
1075-1085
1085-1100
1040-1055
Сі­л­ті­лі­гі, ке­мін­де
см3
10
* "Тосол" А-65 қызыл түске бояуға жол беріледі.

3 Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар сәйкестігін растау схемасы

"Ав­то­мо­биль кө­лік құ­рал­да­ры­на
ар­нал­ған жа­ғар­май­лар­дың және ар­найы
сұй­ық­тар­дың қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын
та­лап­тар" тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне
3-қо­сым­ша
Жағармайлар мен арнайы сұйықтықтар сәйкестігін растау схемасы
Схе­ма­ның нө­мі­рі
Сәй­кест­ікті рас­тау тә­сіл­де­рі
Өн­ді­рі­сті тек­се­ру
Ин­спек­ци­я­лық ба­қы­лау
Сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
1
Түр­ді сы­нау
6 ай
Таң­ба­лау жүр­гі­зіл­мей­ді
2
Түр­ді сы­нау
Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
Са­ту­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау.Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
12 ай
Осы түр­дің бар­лық шы­ға­ры­ла­тын өні­мі таң­ба­ла­на­ды
3
Түр­ді сы­нау
Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
Са­ту­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау.Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
12 ай
Осы түр­дің бар­лық шы­ға­ры­ла­тын өні­мі таң­ба­ла­на­ды
4
Түр­ді сы­нау
Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
Са­ту­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау. Дай­ын­да­у­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау. Өн­ді­рі­стің жағ­дай­ын тал­дау
18 ай
Осы түр­дің бар­лық шы­ға­ры­ла­тын өні­мі таң­ба­ла­на­ды
5
Түр­ді сы­нау
Са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­сін сер­ти­фи­кат­тау
Са­ту­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау*. Дай­ын­да­у­шы­дан алын­ған үл­гі­лер­ді сы­нау. Өн­ді­рі­сті ба­қы­ла (са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­ле­рі)**
36 ай
Осы түр­дің бар­лық шы­ға­ры­ла­тын өні­мі таң­ба­ла­на­ды
6
Түр­ді сы­нау
Са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­сін сер­ти­фи­кат­тау
Са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­сін ба­қы­лау**
36 ай
Таң­ба­лау жүр­гі­зіл­мей­ді
7
Пар­ти­я­ны сы­нау
Бел­гі­ле­не­ді, бі­рақ өнім­нің жа­рам­ды­лық мер­зі­мі­нен ас­пай­ды
Таң­ба­лау жүр­гі­зіл­мей­ді
8
Әр­бір бұй­ым­ды сы­нау
Бел­гі­ле­не­ді, бі­рақ өнім­нің жа­рам­ды­лық мер­зі­мі­нен ас­пай­ды
Әр­бір өнім таң­ба­ла­на­ды
Ескертпе:
* - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірістің) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды;
** - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

Қолданыстағы