Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № А-5/176 · қабылданған 13.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53049/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/176 ·13.05.2010
04.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/176 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-5/176
Қабылданған күні
13.05.2010
Көрсетілген редакция
04.08.2011 53049_171490.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10B0003360
ЭКБ идентификаторы
53049
Редакция идентификаторы
53049_171490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:11

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесіне, Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3342 болып тіркелген шешіміне сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі – әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Жұмыссыздардың келісімі бойынша, алты айға дейінгі мерзімге уақытша жұмыс орнын беру жолымен жұмыс берушілердің өкілетті органға берілген өтініштеріне сәйкес, мекемелер мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.

3 3. Ағымдағы нысаналы трансферттерден қаржыландырылатын, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысы айына 20 (жиырма) мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақы шығындары, жергілікті бюджет қаражатынан және жұмыс берушімен айына ең төменгі еңбекақыдан 50% көлемінде төленеді.

4 4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы