О дополнительных мерах по социальной защите безработной молодежи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по социальной защите безработной молодежи
- Атауы (қаз.)
- Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/175
- Қабылданған күні
- 13.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2011 53050_171482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10B0003361
- ЭКБ идентификаторы
- 53050
- Редакция идентификаторы
- 53050_171482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:11
0 Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесіне, Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3342 болып тіркелген шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру арқылы жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – жұмыссыз) әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгіленсін.
2 2. Жастардың іс-тәжірибесі, өкілетті орган мен жұмыс берушінің арасындағы шарттың негізінде алты айға дейінгі мерзімге уақытша жұмыс орнын беру жолымен жұмыс берушілердің өкілетті органға берген өтініштеріне сәйкес, мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
3 3. Ағымдағы нысаналы трансферттерден қаржыландырылатын жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысы айына 20 (жиырма) мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеу айына ең төменгі еңбекақының мөлшерінде белгіленсін.