Қолданыстағы ред. 07.06.2010

Ават селолық округіндегі Ават селосындағы аты жоқ көшеге жаңа атау беру туралы от 17.06.2010 г. № 06-19 (Ават селолық округіндегі Ават селосындағы аты жоқ көшеге жаңа атау беру туралы)

0

Ават селолық округіндегі Ават селосындағы аты жоқ көшеге жаңа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 2 келісімі, Ават ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ават селолық округіндегі Ават селосының атауы жоқ көшеге "Крылов Любомир Филлипович" көшесі атауы берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.