Ават селолық округіндегі Ават селосындағы аты жоқ көшеге жаңа атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ават селолық округіндегі Ават селосындағы аты жоқ көшеге жаңа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 2 келісімі, Ават ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ават селолық округіндегі Ават селосының атауы жоқ көшеге "Крылов Любомир Филлипович" көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.