Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления на безвозмездной основе статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации и разработанной на основании первичных статистических данных, представляемых респондентами в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных
- Атауы (қаз.)
- Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 20.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 AI53084_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006283_
- ЭКБ идентификаторы
- 53084
- Редакция идентификаторы
- AI53084_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:08
0 Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 20 мамырдағы № 113
бұйрығымен бекітілген
Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2
2. Қағидалар уәкілетті органның өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулары негізінде, ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты беру тәртібін регламенттейді.
3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган;
2 2) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электронды құжаттың нақтылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгертілмейтіндігін растайтын электронды сандық символдардың жиынтығы.
2 2. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салуларын беру және қарастыру тәртібі
4
4. Мемлекеттік органдар уәкілетті органның ведомствосына ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беруге біржолғы сұрау салуларды (бұдан әрі – ресми сұрау салулар) жолдайды.
5 5. Ресми сұрау салулар және оларға жауаптар қағаз жеткізгіште немесе электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды түрде берілуі және:
1 1) почталық байланыс;
2 2) курьерлік жеткізілім;
3 3) электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі жеткізілуі мүмкін.
6 6. Ресми сұрау салулар талап етілетін статистикалық мәліметтердің құрамын бір мағыналы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттардан тұруы тиіс (статистикалық көрсеткіштердің атауы, кезеңі, бөліністік).
7 7. Ресми сұрау салулар түскен күні құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді және жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы басшылығына (бұдан әрі – басшы) қарауға береді.
8 8. Басшы ресми сұрау салуларға жауап дайындау және статистикалық ақпаратты беруге жауапты құрылымдық бөлімшені (бұдан әрі – жауапты бөлімше) анықтайды.
9 9. Егер сұралып жатқан статистикалық ақпарат бірнеше құрылымдық бөлімшеде әзірленетін болса, жауапты құрылымдық бөлімше болып, статистикалық ақпараттың және статистикалық жұмыстардың орындалуын жиынтықтауға жауапты құрылымдық бөлімше табылады.
10
10. Ресми сұрау салуларға жауапты қалыптастыру процесінде жауапты бөлімше қажетті ақпаратты ведомстволық бағынысты ұйымнан қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сұратады және алады.
11 11. Басшы сұрау салынған статистикалық ақпарат қоса берілген ілеспе хатқа қол қояды.
12 12. Құжат айналымын қамтамасыз ететін қызмет, жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылған құжат түскеннен кейін өтініш берушіге жолдайды.
3 3. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулар бойынша статистикалық ақпаратты беруден бас тарту
13 13. Ресми сұрау салуларға сәйкес статистикалық ақпаратты беруден бас тарту:
1 1) сұрау салу бойынша сұрау салынған статистикалық ақпаратты біркелкі анықтау мүмкін болмаған;
2 2) талап етілетін статистикалық ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алу мүмкін болмаған;
3 3) сұратылған статистикалық ақпарат құпия болып табылған жағдайларда рәсімделеді.
14
14. Егер ресми сұрау салулар сұратылатын статистикалық көрсеткіштердің құрамын біржақты айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы талап етілетін мәліметтерді телефон арқылы нақтылайды. Бұл мәселені телефон арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы, мемлекеттік органның кейін қарау үшін ресми сұрау салуларды қайта енгізу туралы ескертпесімен, бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.