Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Сарани
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Сарани
- Атауы (қаз.)
- Саран қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практика ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01/01
- Қабылданған күні
- 27.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2010 AI53088_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KG000107
- ЭКБ идентификаторы
- 53088
- Редакция идентификаторы
- AI53088_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:06
0 Саран қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практика ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 259 қаулысына сәйкес, жұмыссыз жастарды – жоғары оқу орындарының (бұдан әрі ЖОО), колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мақсатында Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі - уәкілетті органға (Тұнғышбаева К.О.) (бұдан әрі жұмыспен қамту бөлімі):
1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген ЖОО, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерінің арасында Жастар практикасын өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
2 2) жұмыссыздарға кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесі шеңберінде дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарт жасасын.
2 2. "Жастар практикасына" қабылданған тұлғалар үшін бюджет есебінен 20 000 теңге көлемінде ай сайынғы төлемнің көлемі белгіленсін.
3
3. Саран қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда (N 8-7-87) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 26 маусымда N 26 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы "Саран қаласының түлектері үшін Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" N 154 қаулысының күші жойылды деп танылсын.