Қолданыстағы ред. 11.05.2010

Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы от 11.05.2010 г. № 587 (Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы)

0

Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4/1 ұйғарымы негізінде, ШЕШЕМІН:

1

1. Тасбөгет кентіндегі Қызылжарма көшесін – Ермекбай Ертуғанов есімімен, Сәулетшілер көшесін – Исмайлов Қазыбай есімімен, Қызылжарма тұйығы - Уразбаев Әбіл есімімен қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімі аппаратының бас маманы А.Таспановаға жүктелсін.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.