Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4/1 ұйғарымы негізінде, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тасбөгет кентіндегі Қызылжарма көшесін – Ермекбай Ертуғанов есімімен, Сәулетшілер көшесін – Исмайлов Қазыбай есімімен, Қызылжарма тұйығы - Уразбаев Әбіл есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімі аппаратының бас маманы А.Таспановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.