Құжат мәтініне өту

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Қаулы · № 370 · қабылданған 15.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53119/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости Күшін жойған Қаулы ·№ 370 ·15.06.2010
14.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Күшін жойған Қаулы ·№ 370 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
Атауы (қаз.)
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
370
Қабылданған күні
15.06.2010
Көрсетілген редакция
14.08.2012 AI53119_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VC000092
ЭКБ идентификаторы
53119
Редакция идентификаторы
AI53119_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:59

0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 4, 5, 7, 9, 18-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 5, 8 баптарына және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бастауыш, орта, жоғары және оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жолымен өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар қабылдансын (бұдан әрі - Қатысушылар).

2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркеліп, мақсатты топқа жатқызылған Қатысушыларды жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;

2 2) Қатысушыларды іріктеу кезінде оларға қолайлы жұмыстың жоқтығы;

3 3) түлектің жасы 25-ке дейін және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;

4 4) жұмыс мерзімі алты айға дейін.

3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, Бөлімнің Жұмыс берушімен жасаған келісім шарты негізінде өткізіледі.

4 4. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші мен Қатысушы арасындағы жасалған еңбек келісімімен белгіленеді.

5

5. Бастауыш, орта, жоғары және оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы Қатысушыларға еңбек ақы төлемі республикалық бюджет қаражатынан олардың жеке шоттарына аудару арқылы Бөліммен жүргізіледі. Республикалық бюджеттен бөлінетін орташа айлық төлем мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңгеден артық емес.

6

6. 2005 жылғы 15 наурыздағы № 406 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 18 сәуірде 2290 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2005 жылғы 19 шілдедегі 71 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінде 2005 жылғы 06 қыркүйектегі 136 нөмірінде жарияланған) және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 632 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы № 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде 5-3-70 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2009 жылғы 20 сәуірдегі 54 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінде 2009 жылғы 18 сәуірдегі 56 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы