О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
- Атауы (қаз.)
- Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 06.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI53121_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VD000133
- ЭКБ идентификаторы
- 53121
- Редакция идентификаторы
- AI53121_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:13
0 Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы
топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мынандай жолдармен шаралар қабылдансын (бұдан әрі - Қатысушылар):
1 1) техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырылсын;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылсын.
2 2. Жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1 1) қатысушылардың «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелуi;
2 2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
3 3) жасы 24 жасқа дейiн;
4 4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.
3 3. Жастарды жұмысқа орналастыру меншiк түрiне тәуелсiз, ұйымдарда (бұдан әрi – Жұмыс берушi) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрі мен көлемі және жұмысты төлеудің шарттары, қаржыландыру көздері және уақыты көрсетілуі керек.