Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи

Қаулы · № 116 · қабылданған 06.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53123/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи Күшін жойған Қаулы ·№ 116 ·06.05.2010
28.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи

Күшін жойған Қаулы ·№ 116 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
116
Қабылданған күні
06.05.2010
Көрсетілген редакция
28.12.2011 AI53123_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VD000135
ЭКБ идентификаторы
53123
Редакция идентификаторы
AI53123_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:13

0 Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрi – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, әлеуметтiк қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.

2 2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) қатысушылардың «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелуi;

2 2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) жасы 24 жасқа дейiн;

4 4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.

3 3. Жастарды жұмысқа орналастыру, меншiк түрiне тәуелсiз, ұйымдарда (бұдан әрi – Жұмыс берушi) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.

4 4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс берушi мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.

5 5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландыру кезiнде, Қатысушылардың еңбек ақысы:

1 1) кәсiптiк лицейдің түлектерi үшiн толық айға ең төменгi бiр жалақы;

2 2) орта кәсіптік колледж түлектері үшiн толық айға 1,2 ең төменгi жалақы;

3 3) жоғарғы кәсіптік білім алған түлектер үшін толық айға 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

6 6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөлiммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсiн.

8 8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы