О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау бойынша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122
- Қабылданған күні
- 12.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2011 AI53124_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VD000136
- ЭКБ идентификаторы
- 53124
- Редакция идентификаторы
- AI53124_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:11
0 Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау бойынша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтары бар халықтың нысаналы топтарын әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шараларды белгiлеу мақсатында, Риддер қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Бекiтiлсiн:
1 1) осы қаулының 1 қосымшасына сай әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша Нұсқаулық;
2 2) осы қаулының 2 қосымшасына сай кәсiптiк оқытуға жiберiлген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 01 сәуірінен туындаған қарым-қатынастарға таралады.
6 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша Нұсқаулық
Риддер қаласы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 12 мамырдағы
№ 122 қаулысына
№ 1 қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
бойынша Нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулық нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу мәселелерi бойынша халықты әлеуметтiк қорғау саласында заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiн тұлғалардың еңбек және басқа да қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
3
3. Әлеуметтiк жұмыс орындары нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн, олардың еңбек ақысын жұмыс берушiге бөлшектей өтеу арқылы, жұмыс берушiлердiң «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi – Бөлiм) шартының негiзiнде құрылады.
4 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу келесi критерийлер бойынша жүргiзiледi:
1 1) әлеуметтiк жұмыс орындары арнайы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға арналуы тиiс;
2 2) әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстеу уақытша сипатқа ие және оны ұйымдастыруға тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.
5 5. Жұмыс берушi мақсатты топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына Бөлiмнiң жолдамасы бойынша жұмысқа қабылдайды, жолдаманың қималы талонын толтырады және оны бес жұмыс күнi ағымында Бөлiмнiң мекен жайына жiбередi.
6 6. Азаматты әлеуметтiк жұмыс орынына қабылдағанда жұмыс берушi онымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Бөлiммен шартта көрсетiлген мерзiмге еңбек шарт жасайды.
2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi мен шарттары
7 7. Әлеуметтiк жұмыс орнына жұмысқа қабылданған нысаналы топтарға жататын жұмыссыздың еңбекақысы ай сайын жұмыс берушiнiң еңбекақы төлеу қорынан, жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлемiне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асырылады.
8
8. Жұмыс берушiлердiң нысаналы топтардан әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздың еңбек ақысына кеткен шығыны, жартылай жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергiлiктi бюджет қаражатынан мерзiмi алты айдан аспайтын 0,5-тен 1,0-ге дейiн ең төменгi жалақы мөлшерiнде, жұмыс берушiнiң Бөлiмге ай сайын ұсынып отыратын жұмыссыздың осы айда жұмыс iстеген күндерi көрсетiлген табель мен жасалған жұмыстар актiсiнiң негiзiнде өтелiнедi және Бөлiммен жұмыс берушiлердiң есеп шоттарына аударылады.
19 Кәсiптiк оқытуға жiберiлген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық
Риддер қаласы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 12 мамырдағы
№ 122 қаулысына
№ 2 қосымша
Кәсiптiк оқытуға жiберiлген жұмыссыз азаматтардың тамақтану
және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық