Қолданыстағы ред. 03.05.2010 (Редакция 53134_185163.kaz)

Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы от 03.05.2010 г. № 18 (Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы)

0

Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Бескөл ауылдық округіне қарасты:

1

1) Қаратұма ауылындағы Некрасов көшесі Асан Қайғы, Пушкин көшесі Бұқар Жырау, Гагарин көшесі Гали Орманов;

2

2) Бұлақты ауылындағы Школьная көшесі Балуан Шолақ, Пионерская көшесі Тәуелсіздік, 8 март көшесі Шара Жиенқұлова көшесі атауларына өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.