Қолданыстағы ред. 19.05.2010

Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы от 19.05.2010 г. № 11 (Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы)

0

Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Теректі ауылындағы 50 лет Октября көшесі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Заречная көшесі Ақын Сара, Киров көшесі Тұрар Рысқұлов көшесі атауларына өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Болатқызы Болатоваға жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.