Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Теректі ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауылындағы 50 лет Октября көшесі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Заречная көшесі Ақын Сара, Киров көшесі Тұрар Рысқұлов көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Болатқызы Болатоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.