Құжат мәтініне өту

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района

Қаулы · № 13/01 · қабылданған 24.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53157/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 ·24.05.2010
23.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи Бухар-Жырауского района
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/01
Қабылданған күні
24.05.2010
Көрсетілген редакция
23.06.2011 AI53157_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KK000096
ЭКБ идентификаторы
53157
Редакция идентификаторы
AI53157_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:07

0 Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, жұмыссыз азаматтардың-орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1

1) орта және жоғарғы кәсіби білім оқу орындарын (одан әрі кәсіби оқу орындарын) бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар арасында жастар саясатын жүргізу, кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай туғызу, жұмысқа орналасу және еңбек нарығында бәсекелестікті арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

2 2) кәсіби оқу орындарын бітірген түлектерге - жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын беруге ниет қылған жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар практикасында, аясында кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыруға шарт жасалсын;

3

3) жастар саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 103 "Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар саясаты бағдарламасын кеңейту" бағдарламасы бойынша қарастырылған республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.

2 2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 16/01 "Бұқар жырау ауданының жұмыссыз жастары үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-77, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2009 жылғы 25 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі және осы 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарды қамтиды.

Қолданыстағы