Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира

Қаулы · № 570 · қабылданған 14.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53212/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира Күшін жойған Қаулы ·№ 570 ·14.06.2010
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира

Күшін жойған Қаулы ·№ 570 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил распределения квот на изъятие объектов животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
570
Қабылданған күні
14.06.2010
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI53212_10.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000570_
ЭКБ идентификаторы
53212
Редакция идентификаторы
AI53212_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:59

0 Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 570 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылық, балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды балық шаруашылығы ұйымдарының арасында бөлу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі;

2 2) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі.

3

3. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу жануарлар ресурстарын, аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.

4

4. Аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

5 5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлуді балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

2 2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібі

6

6. Аңшылық шаруашылығы субъектісі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне аңшылық алқаптардың өнімділігі және аңшылық шаруашылығын жүргізудің деңгейі туралы қысқаша анықтамамен бірге алдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың аңшылық объектілері болып табылатын түрлері бойынша есеп деректерінің негізінде өтінім береді.

7 7. Өтінімде:

1 1) аңшылық шаруашылығының атауы;

2 2) жануардың түрі;

3 3) ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны;

4 4) бекітілген алып қою нормативі;

5 5) (дарақтарды), соның ішінде (тұяқтылар үшін) аталықтарды, аналықтарды, шабақтарды алып қоюға сұратылған квота көрсетіледі.

8 8. Аңшылық шаруашылығы субъектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюдың тиісті жылға арналған квоталарын қалыптастыруды берілген өтінімдер негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

9 9. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.

10

10. Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде алдын ала Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді және бекітуді жүзеге асырады.

11 11. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру және басқалар) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.

12 12. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе немесе аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді бұзса, онда аталған аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жануарлар түрлерін аулауға арналған квота бөлінбейді.

3 3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібі

13

13. Балық ресурстарын алып қоюға арналған квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті жылға арналған жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерінің (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) негізінде балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарларының түрлік құрамына пайыздық қатынаста бөлінеді.

14

14. Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін (балық ресурстары және басқа су жануарлары бөлігінде) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 7 % шегінде өсімін молайту, әуесқойлық (спорттық) балық аулау мақсаттарында аулауды, ғылыми-зерттеу, бақылау, мелиоративтік, эксперименталдық аулауды жүзеге асыру үшін квота белгілейді.
Балық шаруашылығы су айдынында резервтік қор болған жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері осы су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталар бөлінгенге дейін ғылыми ұйымдардың ұсыныстары бойынша алынған көлем шегінде квота белгілейді.

15 15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

16 16. Өтінімде:

1 1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;

2 2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;

3 3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге) көрсетіледі.

4 4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

5 5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

6 6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

7 7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

17 17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

18

18. Кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес бөледі.

19

19. Әртүрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектілері берген өтінімдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимитінің түрлік құрамына пайыздық қатынаста барабар жүзеге асырылады.
Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық кәсіпшілігі аудандары (биотоптар) болған жағдайда квотаны бөлу балық кәсіпшілігі аудандарын (биотоптарды) ескере отырып жүргізіледі.

20 20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн ішінде шығарылады.

21 21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне оның пайдаланылуы туралы есеп береді.

22

22. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квотасын басқа балық шаруашылығы субъектісіне осы балық шаруашылығы су айдынының басқа учаскелеріне қайта бөледі.

23 23. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

24 24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

25 25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

26 26. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

47 ________ аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қоюға арналған квотаны алуға өтінім

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
1-қосымша
________ аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қоюға арналған квотаны алуға өтінім
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның ата­уы
Жа­ну­ар­дың тү­рі
Ағым­да­ғы жы­л­ғы (да­рақ­тар­дың) са­ны
Алып қо­ю­дың бе­кі­ті­л­ген нор­ма­ти­ві
Алып қо­ю­ға (да­рақ­тар­ды) сұ­ра­ты­л­ған кво­та
Со­ның ішін­де (тұ­яқ­ты­лар үшін)
ата­лы­ғы
ана­лы­ғы
ша­бақ­та­ры
Берілген күні
МО
Аңшылық шаруашылығы
субъектісі басшысының Т.А.Ә.                          қолы

48 Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға ӨТІНІМ

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға ӨТІНІМ

1 1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы ______________________

2 2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және

(немесе) учаскенің атауы ____________________________________________
Аумақтық бөлімшемен жасалған Балық шаруашылығын жүргізуге
арналған ______ жылғы «___» ________ № ____ шарт

3 3. Балық өнімділігінің аудандарын (биотоптар) ескере отырып,

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға сұрап отырған
квота _______________________________________________________________
Берілген күні
М.О.
Балық шаруашылығы субъектісі
басшысының Т.А.Ә.___________________       Қолы _______________

52 Балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу қорытындылары

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
3-қосымша
Балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу қорытындылары

53 Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қоюуға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

Қолданыстағы