Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных

Қаулы · № 572 · қабылданған 14.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53213/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных Күшін жойған Қаулы ·№ 572 ·14.06.2010
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных

Күшін жойған Қаулы ·№ 572 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных
Атауы (қаз.)
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
572
Қабылданған күні
14.06.2010
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI53213_8.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000572_
ЭКБ идентификаторы
53213
Редакция идентификаторы
AI53213_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:59

0 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 572 қаулысымен
бекітілген
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге және кейіннен жануарларды мекендеу ортасына шығармай-ақ будандастыруды жүргізуге рұқсат талап етілмейді.

4 4. Рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган):

1 1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;

2 2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері болып табылады.

5 5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Рұқсаттар берудің тәртібі

6 6. Рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) заңды және жеке тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті уәкілетті органға «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы электрондық нысанда не қағаз түрінде жібереді.

7 7. Өтінімге заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттардың:

1 1) құрылтай құжатының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің * немесе анықтаманың (заңды тұлға және дара кәсіпкер үшін - ЗТ МДҚ), жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорт немесе жеке куәлік - жеке тұлға үшін - ЖТ МДҚ);

Ескертпе:* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

2 2) облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімінің;

3 3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырысы);

4 4) жануардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың;

5 5) билогиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмелерін қоса береді.

Портал арқылы жүгінген кезде осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сканерленген көшірмелер және порталда толтырылатын электрондық өтініш түрінде электрондық құжаттар болып өтінімге қоса тіркеледі.

8 8. Уәкілетті орган өтінім тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және оларда көрсетілген мәліметтерді тексереді, ресімдеу жүргізеді және рұқсат береді.

Құжаттарды толық толтырмау (оның ішінде құжаттардың міндетті жиектерін, бекітілген нысандарын толтырмау) фактілері немесе құжаттардың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде әрі қарай қаралмайтындығы туралы жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді. Өтінім беруші көрсетілген ескертулерді жойған кезде құжаттар жалпы негіздер бойынша қаралады.

9 9. Өтінім осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті уәкілетті органның бланкісінде ресімделеді, оған оның басшысы қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.

10 10. Рұқсат өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.

11 11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы рұқсатты ала отырып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастыруды жүзеге асырады.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылдан аспайды.

12 12. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.

13 13. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы бір ай мерзімде тиісті уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны пайдаланудың қорытындысы туралы есеп береді.

Берілген рұқсаттар туралы есептілікті уәкілетті органдар тиісінше Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне береді.

14 14. Уәкілетті органның рұқсатты кері қайтарып алуына:

1 1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуден өз еркімен бас тарту;

2 2) рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;

3 3) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайтуын және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.

15 15. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту немесе осы Қағидаларда белгіленген мерзімде бермеу туралы шешіміне жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

1 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсат беруге өтiнiм

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргізуге
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның (толық) тегi, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмiрi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсат беруге өтiнiм
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге (қажеттiсiнiң астын сызыңыз) рұқсат берудi сұраймын.
Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мақсаты___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануар түрi _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мерзiмi __________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзетiн аудан _______________________________________________________________
20 __ жылғы ______                         ____________________
(өтiнiм берiлген күн)                         (қолы, Т.А.Ә.)
М.О. (заңды тұлға үшiн)

2 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсат (қажеттiсiнiң астын сызыңыз)

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргізуге
рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсат (қажеттiсiнiң астын сызыңыз)
Берiл­дi (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы, же­ке тұл­ға­ның, да­ра кәс­iп­кер­дiң Т.А.Ә.)
Ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­лау мен бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гi­зудiң мақ­са­ты
Рұқ­сат етiледi (жа­ну­ар­дың ата­уы, са­ны және т.б.)
Ин­тро­дук­ци­я­ла­у­ға, ре­ин­тро­дук­ци­я­лау мен бу­дан­да­сты­ру­ға ар­нал­ған жа­ну­ар­лар­ды аулай­тын орын­дар және оның әдiстерi
Қол­да­ны­лу мерзi­мi
Ерекше шар­ттар (ку­әлан­ды­ра­тын және бас­қа да құ­жат­тар­дың бо­луы, пай­да­ла­ны­л­ған және пай­да­ла­ныл­ма­ған рұқ­сат­тар ту­ра­лы есеп­тi ұсы­ну)
Уәкiлеттi органның
басшысы             ______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
____________________________
(Орындаушының Т.А.Ә.)
М.О. (уәкiлеттi органның)

3 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсаттар берудi тiркеу журналы

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргізуге
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсаттар берудi тiркеу журналы
Рұқ­сат
нө­мі­рі
Пай­да­ла­ну түрi (жа­ну­ар­дың түрi, са­ны)
Қол­да­ны­лу мерзi­мi
Кiм­ге берiл­дi
Рұқ­сат­тың күнi және
нө­мі­рі
Алушы­ның де­ректерi (Т.А.Ә., же­ке ку­әлi­гiнiң нө­мі­рі )
Алушы­ның қо­лы

4 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы ЕСЕП

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргізуге
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы ЕСЕП
орын­дал­ған жұ­мыстар­дың ата­уы
iс-ша­ра­лар­ды өт­кi­зу мақ­са­ты
iс-ша­ра­лар­ды өт­кi­зу мерзi­мi
пай­да­ла­ны­л­ған жа­ну­ар­лар са­ны (кө­ле­мi)
жүр­гiзiл­ген жұ­мыстар­дың ор­ны мен әдiстерi
Ин­тро­дук­ци­я­лау, ре­ин­тро­дук­ци­я­лау мен бу­дан­да­сты­ру жүр­гiзiл­ген сырт­қы тір­ші­лік ету ор­та­сы жағ­дай­ла­ры­ның көр­сет­кi­ш­терi
Ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­лау мен бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гi­зу кезiн­де­гi жа­ну­ар­лар­дың жай-күйi

Қолданыстағы