Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 480
- Қабылданған күні
- 07.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2011 · қолданыстағы AI53226_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UJ000144
- ЭКБ идентификаторы
- 53226
- Редакция идентификаторы
- AI53226_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:02
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және оларға нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін бекіту туралы" Сайрам ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-10-34 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 22 сәуірде "Мәртөбе" газетінің 16 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
5 Сайрам ауданы әкімдігінің
«07» маусымдағы 2010 жылғы № 480
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
1 1. Жалпы қағидалар
1 1. Бұл Қағида (бұдан әрі - Қағида) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құру тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидада пайдаланылатын ұғымдар:
1 1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2 2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
3 3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
4 4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
5 5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органның халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – уәкілетті орган);
3 3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттестіріледі.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
5 5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қосымша өткізеді:
1 1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
2 2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
3 3) мәлімет берер күнге дейінгі соңғы бір айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы;
4 4) бухгалтерлік баланс;
7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды ауданның уәкілетті органы төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
1 1) қаржы уақыттылығы;
2 2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы;
8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және олармен шарт жасасады. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
9 9. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
10 10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
3 3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу
11
11. Жұмыссыздардың нысаналы топқа жататындығы туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың негізінде қабылдайды. Одан басқа жұмыссыздар уәкілетті органға өтініш жасар алдындағы соңғы үш айда алған табыстары туралы (мәлімдеу сипатындағы) мәліметтерді қоса береді.