Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О снижении вредного воздействия выхлопных газов автомобилей на окружающую среду

Өзге акт · № 194 · қабылданған 19.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5329/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О снижении вредного воздействия выхлопных газов автомобилей на окружающую среду Қолданыста 19.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О снижении вредного воздействия выхлопных газов автомобилей на окружающую среду

Қолданыста Өзге акт № 194 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снижении вредного воздействия выхлопных газов автомобилей на окружающую среду
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаға автокөліктердің шығаратын газдарының зиянды әсерін азайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
194
Қабылданған күні
19.11.1999
Көрсетілген редакция
19.11.1999 5329_193123.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99C0000358
ЭКБ идентификаторы
5329
Редакция идентификаторы
5329_193123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:49
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоршаған ортаға автокөліктердің шығаратын газдарының зиянды әсерін азайту туралы

Атмосфера ауасын қорғау туралы" заңның 27, 28, 29 бабтарыпа сәйкес облыстағы атмосфера ауасының қанағаттанғысыз жайын көрсеткен 1999 жылдың мамыр-маусым айларында облыс аумағында өткізілген "Таза ауа" операциясының қортындысын қарап және "Ақтөбе облысының аймақтық дәрігерлік-экологиялық бағдарламасының" 18, 23 тармақтарын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Облыстың Ақтөбе қаласы жөне аудан әкімдері:

1) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін мекемелер мен ұйымдар меншіктік түріне қарамастан жылжымалы көздерден шығарылатын зиянды-түтінді газдарды азайту шараларын әзірлеуді және оларды орындауды қамтамасыз етсін;

Электрлі көліктердің дамуына айрықша құзырет және олардың жолаушыларды тасымалдауына басымдылық құқығын бере отырып, 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Ақтөбе қаласы бойынша автокөлікгер :шығаратын тугінді газдың; атмосфераға шығарылу деңгейін азайту жөніндегі бағдарламасын әзірлесін;

3) Облыс аудандарындығы ірі мекемелерде бақылау-реттеу пункттерін (БРП), сондай-ақ аудан автокөліктерінің улы түтіндерін бақылайтын дербес БРП ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.

2. Көлік саны 50 бірліктен және одан да астам техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансалары бар мекемелер мен ұйымдардың, басшылары, меншіктік түрлеріне қарамастан, БД 200 Қаз ССР 251-85 талаптарына сәйкес бақылау-реттеу пункттерін ұйымдастырсын және олардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) экологиялық талаптарға сай келетін автокөліктерді тасымалдауға шығаруды қамтамасыз ету;

2) автокөліктерді газды отынға ауыстыру және оларды катализдік бейтараптаулармен жабдықтау жұмыстарын қайта қолға алу;

3) қауіпті жүктерді тек қана лицензиялау негізінде тасымалдау.

З. Облыстық санитарлық - зпидемиологиялық стансасы (Е. Оңайбаев) жолаушыларды, азық-түлікті тасымалдаушы автокөліктерге санитарлық құжатты тек қана газды түтінді шығару және салондағы шудың деңгейінің көрсететін анықтама негізінде берсін.

4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.Иманбеков), жол полициясы басқармасы (Ж.Тасыбаев), көліктерді бақылау комиттегі басқармасы (Б. Ескожин):

1) Автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылауды құрал-жабдықтар әдісімен жүргізсін. Басқа жерлерден келгел улы түтіндері тексерілмеген, автокөліктердің қалаға кіруіне тиым салсын.

2) Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиялары барлығын қатаң тексерсін.

5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартизациялау, метрология және сертификаттау орталығының Ақтөбе филиалы (Т. Бейсенбаев) жанар-жағар май станциялары мен мұнай өнімдері қоймаларындағы жанар-жағар майлардың сапасын және бақылау - реттеу пункттерінің (БРП) жұмысын бақылауды күшейтсін.

6. "Қазкөлікжол" аймақтық қазыналық мекемесі (АМҚМ) Ақтөбе облыстық филиалы (В.Терещенко) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлік жолдары мен жолдағы құрылыстарды жақсартудың, қалыпты ұстаудың және оларды орындаудың шараларын әзірлесін.

7. Жол полициясы басқармасы (Ж. Тасыбаев), көліктерді бақылау комитеті басқармасы (Б. Ескожин), Қазақстан Республикасы мемтекеттікі стандартизациялау, метрология және сертификаттау орталығының Ақтөбе филиалы (Т. Бейсенбаев), "Қазкөлікжол" АМҚМ (В.Терещенко), сондай-ақ мекемелер мен ұйымдардың басшьшары осы шешімнің орындалу барысы туралы хабарламаны облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына тоқсан сайын беріп тұрсын.

8. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков) осы шешімнің орындалу барысы туралы кеңейтілген хабарламаны облыс әқімінің орынбасары Қ. Елеусізовке беріп тұрсын.

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К. Елеусізовке жүктелсін.