Құжат мәтініне өту

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Қаулы · № 650 · қабылданған 28.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53305/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости Күшін жойған Қаулы ·№ 650 ·28.05.2010
27.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Күшін жойған Қаулы ·№ 650 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
Атауы (қаз.)
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан қорғау шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
650
Қабылданған күні
28.05.2010
Көрсетілген редакция
27.02.2012 AI53305_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VI000133
ЭКБ идентификаторы
53305
Редакция идентификаторы
AI53305_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:05

0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан қорғау шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» № 259 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыспен қамту жолдары арқылы аумақтық жұмыспен қамту шеңберінде тұрғындар арасындағы нысаналы топтардағы азаматтарды (бұдан әрі-Қатысушы) жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қолдансын:

1 1) кәсіби лицейлердің, орташа-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектерінен жұмыссыз жастарды;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына.

2 2. Жұмыспен қамту келесі өлшемдер бойынша іске асырылсын:

1 1) Қатысушыларды іріктеу кезінде олар үшін лайықты жұмыс болмауы;

2 2) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жұмыспен қамту меншік түрлеріне қарамай ұйымдарда жұмыс берушілер мен Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалған келісімшарт негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

4 4. Жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс берушілер мен Қатысушылар арасындағы келісім шартпен белгіленеді.

5

5. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған Қатысушылардың еңбек ақысы 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен айлық аударымдардан және жұмыс беруші есебінен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбек ақыдан кем емес мөлшерден құралады. Қаражат республикалық бюджеттен ұйымдардың есеп шоттарына аударылады.

6 6. Кәсіби лицейлердің, орташа-арнайы және жоғары оқу орындарының жұмыссыз түлектерінің еңбекақысы міндетті зейнетақылық жарналарды және жеке табыс салығын бірге есептегенде республикалық бюджеттен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде төленеді.

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған Жұмыс берушілердің іріктеуі кезекпен ресми берілген ұсыныстарға сай жасалады.

8

8. Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 187 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда № 5-9-106 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 24 санында жарияланған), 2010 жылғы 19 ақпандағы № 488 «2009 жылғы 5 маусымдағы № 187 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 наурызда № 5-9-127 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2010 жылғы 26 наурызда № 14 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа еңгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтарынан туындаған қарым-қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы