Құжат мәтініне өту

О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота

Қаулы · № 157/6 · қабылданған 17.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53327/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота Күшін жойған Қаулы ·№ 157/6 ·17.06.2010
06.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота

Күшін жойған Қаулы ·№ 157/6 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О наложении ограничения на Кызыласкерский сельский округ по бруцеллезу мелкого рогатого скота
Атауы (қаз.)
Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157/6
Қабылданған күні
17.06.2010
Көрсетілген редакция
06.03.2014 53327_213906.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PI000115
ЭКБ идентификаторы
53327
Редакция идентификаторы
53327_213906
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:58

0 Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау туралы Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызыләскер ауылдық округіне сарып ауруы бойынша ұсақ қара малға шектеу салу.

2 2. Қызыләскер ауылдық округінің әкіміне шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:

ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерін Қызыләскер ауылдық округі аумағынан басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкету;
Қызыләскер ауылдық округі аумағынан қой етін шығару;
Черное ауылы аумағында шөпті дайындау және сату;
Черное ауылында көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу және оларға қатысу.

3 3. Лебяжі ауданының ветеринария бөлімінің бастығы ауру малды алу және олардың жойылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі (келісім бойынша) аудандық орталық ауруханамен (келісім бойынша) бірлесе ауылдық округ тұрғындары арасында алдын-алу түсіндіру шараларын өткізсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Байжановқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаменті бөлімінің бастығы
2010.06.10 жылы
А. Жәлелов
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
2010.06.10 жылы
А. Сыздықов

Қолданыстағы