О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 21.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2012 AI53328_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006303_
- ЭКБ идентификаторы
- 53328
- Редакция идентификаторы
- AI53328_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:08
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
8-тармақтың екінші бөлігінде:
«банктердің,» деген сөз «банктердің және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«нұсқаулықты» деген сөз «талаптарды» деген сөзбен ауыстырылсын.
2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2062 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқару осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген үй-жайлардың Үй-жайларды күзетуді ұйымдастыру және жайластыру жөніндегі талаптарға сәйкес келуі туралы Ұлттық Банктің қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.»;
16-тармақта «нұсқаулықта» деген сөз «талаптарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақта «нұсқаулықтың талаптарына» деген сөздер «талаптарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.