Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 793
- Қабылданған күні
- 05.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.05.2012 · қолданыстағы AI53391_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VQ000132
- ЭКБ идентификаторы
- 53391
- Редакция идентификаторы
- AI53391_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:02
0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі - Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:
1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.
2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1 1) нысаналы топтарға жататын және «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау жүзеге асырылсын;
2 2) қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;
3 3) түлектің жасы 24 жасқа дейін;
4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен нақты шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
4 4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес шарттары Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жеке еңбек келісім - шартымен анықталады.
5 5. Қатысушылардың еңбек төлемі олардың жеке шоттарына аудару жолымен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
6 6. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан Қатысушылардың еңбек төлеміне шығындары 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жартылай өтеледі.
7 7. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты Жұмыс берушілердің еңбек төлемі қорынан жүзеге асырылады.
8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсу шамасы бойынша кезек тәртібінде жүргізіледі.
9
9. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 359 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-118 болып 2009 жылдың 7 желтоқсанында тіркелген, 2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 59 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.