Қолданыстағы ред. 21.06.2010

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының кейбір көшелеріне ат қою және аттарын өзгерту туралы от 21.06.2010 г. № 39-3 (Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының кейбір көшелеріне ат қою және аттарын өзгерту туралы)

0

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының кейбір көшелеріне ат қою және аттарын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1-тармағына сәйкес, Есік қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 30-сәуірдегі N 7-1/722 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің келісімі негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының 4-ші мөлтек аудандағы 6 коммуналдық үйлердің көшесі "Ардагер" көшесі деп аталсын.

2

2. "Электрокабель" зауытының төменгі жағында орналасқан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бөлінген жер аумағын "Бәйтерек" деп аталып, ондағы 4 көшелердің атауы:
- бірінші көшеге – Бәйтерек;
- екінші көшеге – Төле би;
- үшінші көшеге – Қазыбек би;
- төртінші көшеге - Әйтеке би.

3

3. "Мичурин" атындағы көше – "Нүрсәлім Жақыпов" көшесі.

4

4. "Пугачев" атындағы көше – "Марат Абдошұлы Ысқақ" көшесі.

5

5. "Правда" көшесі – "Астана" көшесі деп аталсын.

6

6. Осы бірлескен шешімнің орындалуын Есік қаласы әкімі Асхат Әділханұлы Алмабеков жүзеге асырсын.

7

7. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

8

8. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.