Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының кейбір көшелеріне ат қою және аттарын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының кейбір көшелеріне ат қою және аттарын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1-тармағына сәйкес, Есік қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 30-сәуірдегі N 7-1/722 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің келісімі негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының 4-ші мөлтек аудандағы 6 коммуналдық үйлердің көшесі "Ардагер" көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. "Электрокабель" зауытының төменгі жағында орналасқан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бөлінген жер аумағын "Бәйтерек" деп аталып, ондағы 4 көшелердің атауы: - бірінші көшеге – Бәйтерек; - екінші көшеге – Төле би; - үшінші көшеге – Қазыбек би; - төртінші көшеге - Әйтеке би.
Тармақ 3
3. "Мичурин" атындағы көше – "Нүрсәлім Жақыпов" көшесі.
Тармақ 4
4. "Пугачев" атындағы көше – "Марат Абдошұлы Ысқақ" көшесі.
Тармақ 5
5. "Правда" көшесі – "Астана" көшесі деп аталсын.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен шешімнің орындалуын Есік қаласы әкімі Асхат Әділханұлы Алмабеков жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.