Қолданыстағы ред. 02.06.2010

Жігірген ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы от 02.06.2010 г. № 11 (Жігірген ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы)

0

Жігірген ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Жігірген ауыл округіне қарасты:

1

1) Жігерген ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шыршықбаев Әбдірахман, Мырзабеков Тәжібай, Есжанов Ерген, Ұйымшыл атаулары;

2

2) Айнатас ауылындағы атауы жоқ көшелерге Дүйсенбеков Жылкелді, Айнатас, Татулық, Жастар атаулары;

3

3) Тесік төбе ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шақпақ, Ташқұл болыс, Жамашев Қазыбай, Қанатбаев Акрам атаулары;

4

4) Қызыл бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Мошқал баба, Ұя су атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.