Жігірген ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жігірген ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жігірген ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Жігерген ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шыршықбаев Әбдірахман, Мырзабеков Тәжібай, Есжанов Ерген, Ұйымшыл атаулары;
Тармақша 2
2) Айнатас ауылындағы атауы жоқ көшелерге Дүйсенбеков Жылкелді, Айнатас, Татулық, Жастар атаулары;
Тармақша 3
3) Тесік төбе ауылындағы атауы жоқ көшелерге Шақпақ, Ташқұл болыс, Жамашев Қазыбай, Қанатбаев Акрам атаулары;
Тармақша 4
4) Қызыл бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Мошқал баба, Ұя су атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.