О присвоении наименований отдельным улицам и парку и переименовании некоторых улиц города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований отдельным улицам и парку и переименовании некоторых улиц города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының жекелеген көшелеріне және саябағына атау беру және кейбір көшелерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 26.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2014 53421_68347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000637_
- ЭКБ идентификаторы
- 53421
- Редакция идентификаторы
- 53421_68347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:06
0 Астана қаласының жекелеген көшелеріне және саябағына атау беру және кейбір көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 12 және 2010 жылғы 25 мамырдағы № 13 шешімдері негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Төмендегі көшелерге:
«Алматы» ауданы бойынша:
жобалау атауымен № 23-21 көше - Ахмет Байтұрсынұлы көшесі деп;
«Есіл» ауданы бойынша:
жобалау атауымен № 30 көше – Тұрар Рысқұлов көшесі деп;
Жұмабек Тәшенов көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы саябаққа – «Ататүрік» саябағы деп атау берілсін.
2 2. Төмендегі көшелер:
«Алматы» ауданы бойынша:
Р. Қошқарбаев көшесі - генерал Сабыр Рақымов көшесі деп;
«Есіл» ауданы бойынша:
Шалқыма көшесі - Амман көшесі деп;
«Шұбар» тұрғын алабында:
Южный көшесі - Сейітқали Меңдешев көшесі деп;
Солнечный көшесі - Жиембет жырау көшесі деп;
Р. Қошқарбаев көшесі - Қаратай Тұрысов көшесі деп;
Новостроительный көшесі - Александр Княгинин көшесі деп;
«Сарыарқа» ауданы бойынша:
Ахмет Байтұрсынов көшесі - Күләш Байсейітова көшесі деп қайта аталсын.