Об организации и финансировании социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и финансировании социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168/4
- Қабылданған күні
- 03.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2012 53429_213605.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PH000086
- ЭКБ идентификаторы
- 53429
- Редакция идентификаторы
- 53429_213605
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:03
0 Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1, 2-тармақтарына, 7, 18-1-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына:
1 1) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен шарттары көзделген келісім шарттар жасайды;
2 2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау олардың келісімімен жүзеге асырылады және жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар есептен алынады;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарын мынадай өлшемдер бойынша іске асыруға ұсынатын ұйымдарды (кәсіпорындарды) іріктеу тәртібі:
кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздардың жоқтығы;
кәсіпорынның зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасауды іске асыруы;
қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру "Жұмыспен қамту" 002 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатынан іске асырылады.
4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "2009 жылы халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы" № 144/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда № 23 "Заря" газетінде жарияланған);
2 2) Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 145/4 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда № 23 "Заря" газетінде жарияланған).
5 5. Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" N 87/3 қаулысы жойылсын.
6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2010 жылғы 1 сәуірде пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
13 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
Качир ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 03 маусымдағы
№ 168/4 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тізбесі
№ р/б
Халықтың нысаналы топтары
1.
Әйелдер үшін 50-ден асқан және ерлер үшін 55-тен асқан жастағы тұлғалар
2.
Ұзақ мерзім бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар
3.
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар
4.
Бірде-бір жұмыс істейтіндері жоқ отбасылардан тұлғалар