Об оказании материального обеспечения детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Атбасарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материального обеспечения детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому в Атбасарском районе
- Атауы (қаз.)
- Атбасар ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/129
- Қабылданған күні
- 20.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2014 53434_197986.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BE000137
- ЭКБ идентификаторы
- 53434
- Редакция идентификаторы
- 53434_197986
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:08
0 Атбасар ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атбасар ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету (әрі қарай – материалдық қамтамасыз ету) көрсетілсін.
2 2. Белгіленсін:
1 1) материалдық қамтамасыз ету «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі–ММ) психологтік-медиктік-педагогикалық консультациясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы құжаттарын тапсыру айынан бастап берілді;
2 2) материалдық қамтамасыз ету жыл ішіндегі тоқсандықтарға алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде және он сегіз жасқа толмаған әрбір мүгедек балаға тағайындалады;
3
3) материалдық қамтамасыз ету төлемі қаржыландырудың түсуіне қарай мерзімі өткен тоқсанда жүргізіледі. Материалдық қамтасыз етудің төлемін тоқтатуға әкеліп соғатын міндеттер туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектің алуына) төлем тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады.