Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Қаулы · № 191 · қабылданған 09.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53472/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 191 ·09.06.2010
13.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 191 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
09.06.2010
Көрсетілген редакция
13.02.2012 · қолданыстағы AI53472_1.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VP000095
ЭКБ идентификаторы
53472
Редакция идентификаторы
AI53472_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4 тармақшаларын және 18-1 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысаннан тәуелсіз кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемелерде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын (әрі қарай - жұмыс беруші қосымшаға сәйкес).

4 4. 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін (1-қосымша).

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шартты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақы мөлшері нақты жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.

6

6. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысы есебінен, ішінара жұмыс берушінің есеп шотынан аударылады.

7 7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың теңге мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

8 8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

9 9. Тарбағатай аудан әкімдігінің 05.06.2009 жылғы № 210 «Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-77 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуына басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Түрекеноваға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

12 2010 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, мекемелер ұйымдардың ТІЗБЕСІ

Тарбағатай ауданы әкімдігінің
09 маусымдағы 2010 жылғы
№ 19 қаулысымен бекітілген
2010 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құратын
кәсіпорындар, мекемелер ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

Жұмыс беру орындары
Саны
1
«Айзат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
5
2
«Нұржол-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
7
3
«СМУ Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
5
4
«Өкпеті» жеке кәсіпкер
2
5
«Ақжар» ҚКМК
3
6
«Ақсуат» ҚКМК
3
БАРЛЫҒЫ
25
Бөлім бастығы                        Ғ. Атықанов

Қолданыстағы