Қолданыстағы ред. 28.06.2010

Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы от 28.06.2010 г. № 1 (Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы)

0

Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауыл тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1-2 жиналысының хаттамалары мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Байдалы би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Байдалы би селолық округіндегі Атасу ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге - Тәуелсіздік;
2-ші көшеге - Бейбітшілік;
3-ші көшеге - Сәкен Сейфуллин;
4-ші көшеге - Достық;
5-ші көшеге - Сарысу;
6-шы көшеге - Жеңіс.

2

2. Байдалы би селолық округіндегі Ескене ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге - Тәуелсіздік;
2-ші көшеге - Бейбітшілік;
3-ші көшеге - Талдыбұлақ;
4-ші көшеге - Достық;
5-ші көшеге - Бірлік.

3

3. Байдалы би селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Игеноваға Атасу және Ескене ауылдарының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.

4

4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.

5

5. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.