Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Байдалы би селолық округінің Атасу және Ескене ауыл тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы Атасу және Ескене ауылдарының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1-2 жиналысының хаттамалары мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Байдалы би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Байдалы би селолық округіндегі Атасу ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Тәуелсіздік; 2-ші көшеге - Бейбітшілік; 3-ші көшеге - Сәкен Сейфуллин; 4-ші көшеге - Достық; 5-ші көшеге - Сарысу; 6-шы көшеге - Жеңіс.
Тармақ 2
2. Байдалы би селолық округіндегі Ескене ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Тәуелсіздік; 2-ші көшеге - Бейбітшілік; 3-ші көшеге - Талдыбұлақ; 4-ші көшеге - Достық; 5-ші көшеге - Бірлік.
Тармақ 3
3. Байдалы би селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Игеноваға Атасу және Ескене ауылдарының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.