Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам населения Ерейментауского района
Күшін жойған
Қаулы
·№ А-6/259
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц относящихся к целевым группам населения Ерейментауского района
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/259
- Қабылданған күні
- 16.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2011 53494_198667.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BI000155
- ЭКБ идентификаторы
- 53494
- Редакция идентификаторы
- 53494_198667
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:58
0 Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылданартық);
2 2) 27 жасқа дейінгі жастар;
3 3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауратын тұлғалар, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын, жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгiсiн жұқтырған тұлғалар;
4 4) зейнеталды жастағы тұлғалар (заңнамамен анықталған 50 жастан зейнеткерлікке шығу жасына дейін);
2 2. «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосымша нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қаматамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқық қатынастарына таратылады
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
"Ерейментау ауданы жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Сердцева Марина Леонидовна