Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установленин размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны

Өзге акт · № 18 · қабылданған 25.01.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5352/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установленин размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны Қолданыста 25.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установленин размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны

Қолданыста Өзге акт № 18 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установленин размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін атаулы материалдық көмектің мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
25.01.2000
Көрсетілген редакция
25.01.2000 5352_258120.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000277_
ЭКБ идентификаторы
5352
Редакция идентификаторы
5352_258120
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:41
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін атаулы материалдық көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығының 20 бабына сәйкес ШЕШТІМ:

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 230 теңге мөлшерінде атаулы материалдық көмек ретінде 2000 жылға әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шара белгіленсін.

2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.

3. Қала, аудан әкімдері осы тәртіпті орындауды жүзеге асырсын.

4. Осы шешім облыстық маслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.

5. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

6 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің тәртібі

Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы
25 қаңтардағы
№ 18 шешімімен
бекітілді
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңының 47 бабына сәйкес әзірленді.

I. Жалпы ережелер

Осы тәртіп Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек көрсету ережелерін реттейді.

II. Атаулы материалдық көмекті тағайындаудың тәртібі

1. Атаулы материалдық көмек арыз негізінде көрсетіледі.

2. Атаулы материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам тұратын жері бойынша аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді.

3. Атаулы материалдық көмек сұраушы атаулы материалдық көмек тағайындау туралы қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша арыз береді.

4. Атаулы материалдық көмек тағайындау үшін арызды қарауды атаулы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия 10 күндік мерзімде жүзеге асырады.

5. Атаулы материалдық көмек тағайындаудан бас тарту дәлелді болған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады.

6. Атаулы материалдық көмек арыз берген айдан есептеледі.

7. Берілген ақпаратты растағаны үшін арызды қабылдаған адам толық жауап береді. Ақша төленгеннен кейін ақпараттың рас еместігі, не басқа заң бұзушылық анықталса, заңсыз төленген сома заңмен белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғадан өндіріліп алынады.

III. Атаулы материалдық көмек төлеу

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек төлеу аудандық және қалалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары комиссияның шешімі негізінде атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, ай сайын қаржыландыруға өтінім ұсынады.

3. Атаулы материалдық көмек аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ұсынған тізімдер негізінде «Қазақстанның халық банкі» ААҚ филиалдары және олардың құрылымдық бөлімшелері арқылы төленеді.

4. Атаулы материалдық көмек өткен ай үшін төленеді.

5. Атаулы материалдық көмек алушының қайтыс болған уақытынан тоқтатылады.

IV. Атаулы материалдық көмек төлеуге бақылау жасау

1. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ай сайын АХАТ органдарынан атаулы материалдық көмек тағайындалғандардың қайтыс болған жағдайларын тіркеу туралы мәлімет сұратып отырады.

2. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ай сайын Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер туралы мәлімет сұратып отырады.

3. Дұрыс ресімделмеген құжаттар бойынша заңсыз атаулы материалдық көмек төленіп кетсе, осыған кінәлі лауазымды адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

4. Төленген сомаларға бақылау ай сайын «Қазақстанның халық банкі» ААҚ аудандық (қалалық) филиалдары мен аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қоргау басқармаларының салыстырып тексеру актілері негізінде жүргізіледі.

5. Аудандық (қалалық) қаржы бөлімдері бастапқы құжаттар бойынша атаулы материалдық көмекке төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс шығындалуына тексеруді жүзеге асырады.

28 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындау жөніндегі арыз

Қосымша
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
_________________________
(ауданның, қаланың атауы)
Атаулы материалдық көмек
тағайындау жөніндегі комиссияға
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындау жөніндегі арыз
Фамилиясы _______________________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________________________
Мекен-жайы ______________________________________________________________________
телефон нөмірі ____________________________________________________________________
Төлқұжат әйтпесе жеке куәлік ________________________________________________________
Ұлы Отан соғысына қатысқаны және мүгедектігі туралы куәліктің нөмірі ____________________ _________________________________________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі /СТН/ _________________________________________________
Қазақстанның халық банкі ААҚ филиалының нөмірі.
_________________________________________________________________________________
Зейнеткерлік шоттың нөмірі _________________________________________________________
Ай сайын 230 теңге көлемінде атаулы материалдық көмек тағайындауды сұраймын.
Арыз берілген уақыт Арыз берушінің қолы
_________________ ___________________
Арыз берушінің берген құжаттарын растаймын:
Арызды қабылдап алған адамның лауазымы, аты-жөні __________________________________
(қолы)
Арызды қабылдаған уақыт ____________________________________________________________