Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 286 · қабылданған 24.02.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5363/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 286 ·24.02.2000
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 286 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
24.02.2000
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI5363_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000286_
ЭКБ идентификаторы
5363
Редакция идентификаторы
AI5363_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1364 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 423-құжат):

қаулының атауы мен мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын";
2-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi";
төртiншi абзац алынып тасталсын.
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
25-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-тармақпен толықтырылсын:
"65. "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы