Қолданыстағы ред. 15.06.2010 - 29.08.2010 (Редакция AI53649_0.kaz)

Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы от 15.06.2010 г. № 18 (Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы)

0

Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қақпатас ауылында орналасқан Мектеп көшесінің аты Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Адамбаев Мақым атындағы көшесі болып өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің әкімі аппаратының іс жүргізуші Г. Садуакасоваға жүктелсін.

3

3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.