Құжат мәтініне өту

О временных защитных мерах на отдельные товары

Қаулы · № 296 · қабылданған 24.02.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5368/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О временных защитных мерах на отдельные товары Күшін жойған Қаулы ·№ 296 ·24.02.2000
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О временных защитных мерах на отдельные товары

Күшін жойған Қаулы ·№ 296 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О временных защитных мерах на отдельные товары
Атауы (қаз.)
Жекелеген тауарларға арналған уақытша қорғаныштық шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
296
Қабылданған күні
24.02.2000
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI5368_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000296_
ЭКБ идентификаторы
5368
Редакция идентификаторы
AI5368_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38

0 Жекелеген тауарларға арналған уақытша қорғаныштық шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
"Тауарлардың импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты 2000 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiммен уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде қосымшаға сәйкес депозитке қазiргi қолданылып жүрген кедендiк баждың ставкасынан жоғары алынатын уақытша қорғаныштық баж енгiзсiн.

3

3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Демпингке қарсы бақылау жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасы Интеграциялық комитетiне және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасы Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiне Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар енгізетіндiгi туралы хабарласын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

5 Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетiн, уақытша қорғаныштық шаралар енгізiлетiн тауарлардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 24 ақпандағы
N 296 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетiн, уақытша қорғаныштық шаралар енгізiлетiн тауарлардың тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы       Тауардың СЭҚ ТН               Уақытша
бойынша коды      қорғаныштық шаралар бажының
ставкалары (кедендiк
құнына %-пен)
-------------------------------------------------------------------
Табиғи барий
сульфаты              2511 10 000                   20
Оралған жабдық және   680710100                     30
қаптағыш материалдар
Гофрирлендiрiлген     681 1 10 000                  25
табақшалар (шифер)
Диаметрi 244,5 мм.    82 07 19 900-дан              30
бұрынғы
шапқыларының,
диаметрi 105 мм., 125
мм., 130 мм. бұрғы
ұштарының бөлiктерiн
қоса алғанда тас
жыныстары мен
қабаттарын бұрғылау
құралдары
салмағы 21 кг. аспай. 8424 10 910-дан               30
тын көмiрқышқылды
өрт сөндiргiштер, өрт
сөндiргiш зат - көмiр.
тегiнiң қос тотығы*
Сұйықтарды            9028 20 000                   25
өлшегіштер
Ауыспалы тоққа        9028 30 110                   30
арналған бір фазалы
электр энергиясын
өлшегіштер
Ауыспалы тоққа        9028 30 190-дан               20
арналған көп фазалы
электр энергиясын
өлшегіштер, дәлдік
сыныбы 02-05*
есептегіштерден басқа
* Тауарлардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де
белгіленеді. Техникалық өлшемдері мен белгіленген жағдайлар
кезіндегі жұмысқа арналуы мынадай тиісті жазулармен расталуы тиіс:
машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның төлқұжатында немесе
зауыттық сынақ сертификатында

Қолданыстағы