Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ҚАЗТалдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-572
- Қабылданған күні
- 12.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2010 · қолданыстағы 53686_194579.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DA000127
- ЭКБ идентификаторы
- 53686
- Редакция идентификаторы
- 53686_194579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:49
0 Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10–бабы 2–тармағының 9)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" N 407 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) аурулардың алдын - алу және күресу жөніндегі ветеринариялық - санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық ережені бекіту туралы" N 632 бұйрығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Талдықорған қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы М. Молдабаевтың 2010 жылғы 07 маусымдағы N 788 ұсынысы негізінде Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің Еңбек ауылындағы қой және ешкілерден бруцеллез ауруының індет ошағы айқындалуына байланысты карантиндік режим және шектеу іс - шаралары енгізіле отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. "Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаев) және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция Комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы (Манат Болатбекұлы Молдабаев келісім бойынша) Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінде орналасқан Еңбек ауылында тиісті іс-шараларын жүргізсін.